ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Алғаш рет! Шымкентте «Tengri Bank» филиалы ашылды

18:29, 26 қаңтар 2017

Шымкентте алғаш рет «Тенгри Банктің» филиалы ашылды. Қаржы ұйымы тұтынушылар үшін тиімді қызметтер ұсынады. Банк әсіресе, шағын және орта бизнесті өркендетуге оң ықпал етпек. Жаңа ашылған банктің жаңалығы қайсы? Өзге қаржы институттарынан өзгешелігі бар ма?

«Тенгри банк» елімізде осыдан 25 жыл бұрын «Дана банк» деген атпен ашылған. Бастапқы жарғылық капиталы 6 млн. 400 мың рубль болатын. Нарықтағы экономикалық түрлі дүмпулер талай банктің жабылуына әкеп соқтырды. Дәл осы тұста «Тенгри банк» барлық қиындықты жеңіп, 2010 жылы Үндістанның «Punjab National Bankімен» байланыс орнатты.  

Ержан Шайкенов -  «Tengri bank» АҚ-ның басқарма төрағасы

Банк қаржылық-тұрақты коммерциялық банк болып табылады, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Павлодар және Астана қалаларында филиалдарымыз бар. Біздің қаржы ұйым әмбебап қызметтерді көрсетеді. Шоттар, депозиттер ашу, аударымдар бойынша операциялар жүргізу, сауданы қаржыландыру, кредиттеу, қаржы лизингі, банктік кепілдіктер беру, конверсиялық мәмілер, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, есептік-кассалық қызмет көрсету, инкассация қызметін көрсетеді. Солндай-ақ,  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензия шегінде басқа да қызметтерді көрсету секілді көптеген қызмет түрлерін ұсынатын әмбебап коммерциялық банк болып табылады.

 

Қаржы институты ауыл шаруашылығын қалпына келтіруге қолдау білдіреді. Шағын  және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға белсенді түрде қатысады. Осындай игі бастаманың шарапатын алғашқылардың бірі болып, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Жұмағали Білісбеков те көрді.

Қаржы институты өзінің кредиттік саясаты арқылы отандық тауар өндірушілерге көмек көрсетеді. Банк өкілдерінің бұл тұстағы басты мақсаты -  сапалы қызмет көрсететін, әмбебап қаржы ұйымы атану.

Гүлсанат Қалмырзақызы                                                    

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...