ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Азық-түлік арзан бағада сатылады

14:58, 22 қараша 2017

Отырар ауданында әлеуметтік базар ашылды. Облыс әкімінің тапсырмасымен ашылған сауда орны тұтынушылар үшін ыңғайлы жерде - аудан орталығында орналасқан. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қолға алынған игі бастамаға жергілікті тұрғындар дән риза. «Арзандатылған өнімдерді қысқа азық», - деп, молынан сатып алуда.

Отырар шағын аудан. Халқының негізгі тұрмысы ауыл шаруашылығы болғандықтан, егін егіп, мал бағып, нәпақа айырады. Азық-түлік бағасының соңғы уақытта шарықтап кеткенін алға тартқандар жаңа базар елдің қамы үшін ашылғанын айтып, қуанды.

Мырзабек Өксікбаев – Отырар ауданының тұрғыны

Картошканы 100-120 теңгеден алушы едік. Мына жерде арзан, құмшекерді де арзан алдық. Осыны ары қарай дамытса, дейміз. Рахат болды,  мынау тұрғындарға, бәрі риза.

Аманхан Сыздықов – Отырар ауданының тұрғыны

Мен Темір ауылынан келіп отырмын. Мына базарда бәрі арзан. Әкімдіктегілерге, осыны халық үшін қолға алып отырғандарға ризамыз, рахмет.

Аудан орталығы Шәуілдірде бүгінде 1 үлкен базар мен 10-нан астам сауда қатары жұмыс істейді. Коммерциялық шағын нысандар да халық сұранысын қанағаттандырып тұр. Орталық базар жанында әлеуметтік дүкен мен көмек бұрышы да бар.

Рыскелді Әліш – Отырар ауданы әкімінің орынбасары

Қазір бізде үлкен базарда 1 әлеуметтік бұрыш істеп тұр. Көмек бұрышына әркім қажет емес заттарын әкеліп тастайды. Соны тұрмысы төмен отбасыларға үлестіріп отырамыз. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады. Өйткені, қазір біз облыс әкімінің тапсырмасымен бағаны тұрақтандыруды көздеп отырмыз.

Айтып өтейік, жаңа базарда тек отырарлық өнімдер ғана емес, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік заттары да бар. Оны облыстық әлеуметтік тұрақтандыру қоры арзан бағада жеткізіп отыр.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы            

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар