ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Қаржы министрі есеп берді

11:33, 27 маусым 2016

Ел дамуының нақты бағытын айқындайтын Ұлт жоспарында халық алдында есеп беретін кәсіби мемлекет құру жөнінде тармақ бар.

Онда еліміздегі әрбір министрлік, әкім,  басқармалар өз жұмыстарын баяндауы керектігі анық көрсетілген. Осыған байланысты еліміздің қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бүгін өзі басқаратын ведомостваның атқарған жұмыстарын баян етті. Астанада өткен жиынға еліміздің барлық облысы онлайн режимінде қосылды.    

Қаржы саласының тізгінін ұстаған министр өзінің 5 блоктан  тұратын баяндамасын халыққа егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Оның бірінші   бағыты бюджет тұрақтылығына арналды. Әлемде орын алған қиыншылыққа қарамастан, ел қазынасы ортайған жоқ. Керісінше, жыл санап артып келеді.

Бақыт Сұлтанов, ҚР қаржы министрі;

Былтыр еліміздің бюджеті 7 трлн. теңгені құраған болса, биыл бұл көрсеткіш 8 трлн. теңгеден асты. Жоспар 330 млрд. теңгеге артық орындалды.

Мұндай көрсеткішке жетудің өзіндік  сыры мынада. Қаржы министрлігіне қарасты мекемелерде 20 мыңға жуық қызметкер бар. Еселі еңбектің арқасында ел қазынасына күніне 30 млрд. теңге түседі. Бір жылда 8 миллионнан астам нысан төлем жасайды.

Бақыт Сұлтанов, ҚР қаржы министрі;

Біздің ендігі мақсатымыз: осы қаржыны тиімді және үнемдеп жұмсау. Дағдарыс кезінде әрбір тиынды мақсатты пайдалансақ, қиындықтан қысылмай шығамыз.

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 180 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Бұл қаражатқа әр түрлі инфрақұрылымдар тартылмақ. Жол салынады, құрылыс қарқын алады. Жаңадан жұмыс орындары ашылады. Жиын барысында әрбір азамат министрге тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Олардың біразы сол жерде нақты жауап алса, енді біразына министр жауапты жазбаша түрде  газет бетіне жариялауға уәде берді.

 

НҰРМАХАН КЕНЖЕХАН

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар