ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Бензин бағасы қашан тұрақталатыны белгілі болды?

21:16, 3 қазан 2017

Жыл соңына қарай жанармай бағасы тұрақтанады. Себебі бірер айдан соң еліміздің үш мұнай өңдеу зауытының жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

         Барлық зауыттардың толық іске қосылу нәтижесінде АИ-92 бензинін өндіру 2,2 есеге, АИ-95 пен 98 бензиндері 9 және 6 есеге, дизель отыны 30 пайызға, авиаотын 3 есеге артық өндірілетін болады. Осыдан кейін сырттан тасымалданатын бензин көлемі төмендейді. Шамамен импорт 20 пайыздан аспайды деген болжам бар. Министрдің сөзінше алғашқы нәтиже осы жылдың соңында байқалады. Ал бензин бағасының қазіргі деңгейінен төмендеуі екіталай. 

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

  • Вы сейчас сказали мы импорт снизим что ноябрь-декабрь до 20 про – Сіз, қараша-желтоқсанда импорт көлемін 20 пайызға төмендетеміз дедіңіз. Солай ғой? Ал баға  төмендей ме? Егер импорт азаятын болса баға да төмендеу керек қой?

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ

  • Стабилизируется. Тұрақталады. Баға кемінде тұрақтанатын болады. Бұл ретте, Бақытжан Әбдірұлы аталған 20 пайыздың Ресейдегі құны қандай болады, соған байланысты. Егер қазіргі деңгейде тоннасы 560 доллар болса, онда ішкі нарықта бағаны төмендетуге мүмкіндік бар. Ал егер баға көтерілетін болса, 20 пайыз бізге белгілі-бір деңгейде мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар