ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Биыл азық-түлік бағасы 0,5% арзандап кеткен

21:47, 29 тамыз 2017

Биыл ұлттық валюта нығая түсті. Ағымдағы жылдың шілде айында инфляция 0,1 пайызға жетті. Тауарлар мен ақылы қызмет түрлері 0,5 пайызға жоғарылап, азық-түлік бағасы да дәл осыншама көркеткішке арзандаған. Қаржы нарығындағы жалпы ахуалды Ұлттық Банктің облыстық филиалын басқарған Әнуар Ботанбеков баспасөз брифингісінде баяндады.

      Төл теңгеміздің қаржы нарығында құны артқан. Жыл басынан бері инфляция 7,1 пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіш 2017-ші жылға арналған нысаналы дәліз шегінде. Ұлттық Банк филиалы директорының сөзіне сүйенсек, шетел валютасының бағасы артып, теңге құнсызданбайды.

      Бүгінгі таңда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 32 млрд. 900 млн. АҚШ доллорын құрайды. Оның ішінде шетел валютасындағы активтер - 21 млрд. 500 млн. доллар. Ұлттық Банктің шешімімен базалық мөлшерлеме шілденің 18-інен бастап, жылдық 10,5 пайыз деңгейінде сақталды. Айтқандай, салымшылардың да теңгеге деген сенімі артқан.

      Банктердің экономиканы кредиттеудің көлемі 12 трлн. 791 млрд теңгеден асып, көрсеткіш 0,7 пайызға өскен. Заңды және жеке тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 1,4 пайызға ұлғайған. Соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу анағұрлым артқан. Ол сомаға шаққанда 3 трлн. 111 млрд. теңгеге жуықтап отыр. 

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар