ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Бюджет бүйірін Ордабасы, Отырар аудандары еселеп отыр

16:18, 19 қаңтар 2016

Салық - халық қазынасы

Түстік салықшылары өткен жылдың есебі бойынша бюджет бүйірін томпайтып отыр. «Міндетті төлемнің жоспарға сай орындалуы - халықтың салық төлеуге салғырт қарамауынан», - дейді мамандар. Ортақ қазандағы қаражаттың көлемін Ордабасы, Отырар аудандары еселеп отыр. Есеп беру жиынында облыстық кірістер департаментінің басшылары да баяндама жасады.

Отырар ауданында 54 мыңнан астам тұрғын бар. 4 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкер тіркелген. Салық түсімін еселеген де – осы бизнес нысандары. Ал, берешегі бар 500-ге жуық кәсіпкермен тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жыл қорытындысы бойынша Ордабасы ауданында да оңды іс байқалады. Нақты түсім бар. «Жер, мүлік, көлік құралдарынан түскен салық мөлшері жылдағыдан жоғары», - дейді сала жетекшілері.

Жаһандық дағдарыс жаппай қыспаққа алған тұста салық - өркениет үшін жасалатын төлем. Ол-мемлекеттің шаруашылық дамуына әсер ететін маңызды құрал. Салықтан жалтарғаның – халыққа қырын қарағаның. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні осы.

Гүлсанат ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...