ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Бюджет қаржысын ұлғайту жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді

14:24, 15 шілде 2016

Облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 6 айында жергілікті бюджет табысын 132 пайызға артығымен орындаған. Бір ғана Мақтарал ауданынының кірісі 555 миллионға жетіп отыр. Қосымша резервтер бойынша тағы 83 миллион теңге өндірілген. Мамандар түскейдегі салық түсімінің артуын аймақта шағын және орта бизнес субъектілерінің көбеюімен байланыстырып отыр.

Соңғы уақытта мемлекеттік кірістер басқармасы инвестициялық жобаларға қатысатын кәсіпорындардың бюджет түсімдеріне түрақты түрде талдау жүргізіп келеді. Ағымдағы жылдың 6 айында «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы шеңберінде 5 миллиард теңгенің салығы өндірілген.

Сұлтанбек Ердіхалықов, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы

Бұдан бөлек, «Индустриаландыру картасы бойынша инвестициялық жобаларға қатысушылардан ағымдағы жылы 3,7 млд теңге салықтар мен төлемдер өндірілді. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 739 миллион теңгеге артты

Мақтарал ауданында жекелеген қызмет түрімен айналысатын салық төлеушілердің саны артқан. Мұнай өнімдерінің бөлшек саудасымен шұғылданатын салық төлеушілердің саны – 27, жанар-жағармай бекеттерін ұстағандар 60-тан асады. Коммерциялық нысан иелерінің басым бөлігі салық төлеудің жаңа үлгісін, яғни, онлайн режимін пайдаланады.

Мемлекеттік кірістер басқармасында бюджет көлемін арттыру мақсатында салықтық және кедендік әкімшілендіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Қосымша табыс көздері де молайған.

Перизат НҰРБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар