ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ДСҰ: халық сапалы тауар ғана тұтынады

18:49, 5 қазан 2015

Қазақстан әлемдік сауданы сапырылыстыратын аса алпауыт ұйымның қатарына қосылды.

Бұйыртса, екі айдан соң, яғни, желтоқсанда еліміз ДСҰ-ның толыққанды 162-і мүшесі атанбақ. Демек, әлемдік сауда элитасының құрамына енген Қазақстан үшін алда тағы бір маңызды кезең басталады. Ал, өңір кәсіпкерлері нарық жүйесінің құлағын ұстап отырған ДСҰ-ы шеңберінде жұмыс істеуге тас-түйін дайын.

ДСҰ-ның басымдығын түрлі салалардан байқауға болады. Ұйымға ену- ең алдымен,  қарапайым халық үшін тиімді болмақ. Арзан әрі сапалы тауарлар тізбегі жасалып, тұтынушы талғамы зораяды.  Бұл дегеніңіз, өзіміздің қазақстандық тауар өндірушілерден де сапалы һәм арзан тауарлар шығару мықтап талап етіледі. Отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі сыналады.

Ұйым құрамына 1998 жылы қабылданған Қырғызстан нарығы бүгінде біздің елмен біте қайнасқан. Кедендік Одаққа қосылғалы бері Қырғыз елі  мен Қазақстан арасында алыс-берістің көлемі артты. Сауда-саттық нығайды.

Шындығында, бәсекеге қабілетті болу қажеттігі айтылғалы біраз жылдың жүзі болды. Бизнеске түрлі-түрлі қолдаулар жасалды. Нәтижесінде Кедендік одақ аясында шыңдаудан да өттік. Ендеше, Қазақстан ДСҰ-ға дүдәмал көңілмен кірмей, нық сеніммен қадам басуы шарт. 

 

Гүлсанат ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...