ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ДСҰ міндеттемесі – сапалы, арзан, ыңғайлы тауар ұсыну

18:45, 21 қаңтар 2016

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты бірқатар міндеттемелер қабылдады.

Олар - кедендік баж салықтарының төменгі мөлшерлемесі бойынша елге кіргізілетін тауарды еуроодақ мемлекеттерінен тыс жерге экспорттауға жол бермеу. Бұл орайда өңіріміздегі Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары жеңілдетілген салықтық мөлшермен тауар алдырған кәсіпорындарға тексеру жүргізді.

«Агро-5» ЖШС-і күйген қыш өндіретін зауыт. Бұл мекеме жақында Қытай елінен жоғары қысымға төзімді қыш төсеніштерін алдырған. Кәсіпорын мамандары кеден рәсімі кезінде Дүниежүзілік сауда ұйымының тиімділігін сезінді. Тиісті салық есебінен 30 пайыз қаржысы үнемделді.

Бұл іс-шараның басты мақсаты - импортталған тауарды экспортқа шығартпай, пайдаланушыға жеткізілуін қадағалау. Жыл басынан бері ДСҰ мөлшерлемелерімен облысымызда 3 мекеме шет елден тауар алдырған. Олар жиһаз бен құрылыс заттарын әкелген «Стандарт цемент», «Агро - 5» , «Бейбіт строй-сервис» ЖШС-і. Тауар алдыру барысында халықаралық келісілген шарттар мен талаптар бұзылған жоқ, – дейді рейд ұйымдастырушылар.

Бүгінгі таңда тауарларды тәркілеп, алып қою тізбесіне 1347 атау енгізілген. Оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері мен жеңіл өнеркәсіп тауарлары бар.  

 

КЕНЖЕХАН ДҮЙСЕНБІ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар