ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Экономикада екпін бар

19:29, 18 қаңтар 2017

Облысымыз 2016 жылды толағай табыстармен қорытындылады. Былтыр облыс бюджеті 575, 8 млрд теңгені құрап, рекордтық көрсеткішті бағындырып отыр. Өңіріміздің өркендеуіне республикадан бағытталған қаржы да 99,9 пайызға игерілген. Экономикалық өрлеу жайын облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингісінде баяндады.

Өңірімізде өнеркәсіп өнімі 4,4 пайызға артып, 776 млрд. 800 млн теңгені құрады. Сәйкесінше, индустрияландыру бағдарламасы сәтті іске асырылуда. Есепті жылы  9,3 млрд. теңгеге 19 жоба іске асырылып, 808 жұмыс орны ашылды. Жобалар қарқыны инвестиция тарту есебінен артты.

Түстік - аграрлы аймақ. Ауыл шаруашылығының  жалпы өнім көлемі 445 млрд. теңгені құрап,  2015-ші жылмен салыстырғанда, 4,9 пайызға артты. Барлық ауыл шаруашылығы санатында ілгерілеу байқалады.

 «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы » бағдарламасы бойынша 16,9 млрд. теңге игерілген. 2088 адам жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, 49 174 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Кәсіби оқуға жолданған 2102 азамат 100 пайыз екі қолға бір күрек тапқан.

Кенжехан Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар