ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді

15:18, 10 қаңтар 2018

Қазақстандық ет өнімдеріне сұраныс артқан. Өйткені, біздің өнім - экологиялық таза, сапасы жоғары. «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік бренді бола алады. Елбасының биылғы Жолдауында айтылған талап-тілектер Оңтүстік өңірінде қаншалықты орындалып жатыр?

Облысымыздың шаруалары соңғы жылдары мал бордақылау ісіне қарқынды түрде бет бұрды. Бүгінде өңірде 1000 бастан жоғары мал бордақылайтын 10 шаруашылық бар. 400 бастан 1000 басқа дейін ірі қара мен жылқы байлап отырған 16 шаруашылық тұрақты жұмыс істейді. 76 агроқұрылымда 100-ден 400 басқа дейін ірі қара жемге қойылған. Ал, 11 750 отбасы 10-15 бас малды қорасында байлап отыр. Жалпы, былтыр осы 12 мыңға жуық шаруашылықта 162 337 бас мал семіртілген.

Әлиакбар Панов  -  Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы

Облыста ірі қара мал етіне деген қажеттілік бүгінгі таңда 120 %-  толығымен қамтамасыз етеміз. Қой етіне 150 % қамтамасыз етіміз. Жылқы етіне деген сұраныстың 130%- қамтамасыз ете аламыз.

Оңтүстік малшылары Шымкенттен өзге Алматы, Астана секілді ірі мегаполистерді етпен қамтамасыз етуде. Ендігі мақсат: Ресей мен көршілес елдерге ет сату. Былтыр  500 тонна сиыр етін,  130 тонна қой етін экспорттау жөнінде тапсырма қойылған болатын. Бұл жоспар 10 айда  52 пайызға орындалды. 

Айдос Оспанов -  Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы

Жыл басынан бері біздің облыстан 218 тонна сиыр еті экспортталды. 110 тонна уақ мал еті сыртқа шығарылды. Бұдан бөлек, «Ордабасы құс» ЖШС-і өткен жылдың 10 айында 2485 тонна үндік етін Ресей мен Қырғызстанға шығарып сатты.  Шетке шығарылған құс етінің жалпы сомасы 1 млрд. 708 млн теңгені құрады.

Аусылдан азат аймақ атану еліміздің шаруалары үшін жағымды жаңалық болды. Сондықтан, біздің елден ет алғысы келетін мемлекеттердің қатары көбеюде.  Былтыр Иран, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Ирак елдерімен  қой етін саудалау жөнінде келісім жасалды. Қазір Қытай елі де сиыр етін алуға қызығушылық танытуда.

НҰРМАХАН Кенжехан                                       

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Жас кәсіпкерлерге 2 миллион теңге несие берілмек
19:45, 30 қараша 2017
Жас кәсіпкерлерге 2 миллион теңге несие берілмек
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар