ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

«Forte banк» Жаңа ғимаратқа қоныстанды

15:01, 29 наурыз 2017

«Forte Banк» - жаңа ғимаратта. Былтыр үш банктің бірігуі нәтижесінде құрылған қаржы ұйымын қоныстойымен ең алғашқылардың бірі болып, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтады. Банк басшылығымен екі жақты меморандумға қол қойып, өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ат салысуға шақырды

Қаржы ұйымымен келісімге келгеннен кейін өңір басшысы жаңа ғимараттың жағдайымен танысты.

4 қабаттан тұратын банк бөлімшесінің жалпы аумағы 3 мың шаршы метрді құрайды. Бірінші қабат толықтай заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге лайықталған. Ал, қаржы аударымдар мен өзгеде мәселелер бойынша екінші немесе үшінші қабатқа көтерілу қажет.  Мұнда келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Электронды кезек жүйесі мен ыңғайлы күту орны бар. Осы орталыққа келу арқылы азаматтар қаржы жүйесіне қатысты барлық тірлігін тындыра алады.

Рысбек Рахметов – Ұжымдық сату басқармасының басшысы

Негізінде Форте банктің еліміз бойынша 19 филиалы мен 145 бөлімшесі бар. Оның жетеуі оңтүстікте орналасқан. Ал, Қазақстанда 2 млндай азамат осы қаржы ұйымының қызметін пайдаланады. Оның 280 мыңы – түстік тұрғындары.

Жансейіт Түймебаев – Облыс әкімі

Әмбебап банк мемлекеттік бағдарламаларды атқарушы билікпен бірлесе атқаруға мүдделі. Төмендетілген пайызбен несие беріп, кәсіпкерлерді, шаруаларды қолдауға ниетті. Қаржылық операциялар ғаламтор жүйесі арқылы жедел атқарылады. 200-ге жуық банкоматы, дәл сонша пост терминалы тәулік бойы қызмет көрсетуге әзір.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...