ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Халықтық IPO жалғасуда

18:02, 25 қараша 2015

Елімізде 2012 жылы басталған халықтық IPO бағдарламасы жалғасуда.

Қазір аталмыш жоба бойынша 36 компанияның құнды қағаздары сатылып жатыр. Соның ішінде еліміздегі электр желілерін таратуда топ бастаған «Кегок» компаниясының да акциялары бар. Былтыр сатылымға шығарылған құнды қағаздардың бағасы биыл қырық пайызға қымбаттаған.

Алғаш рет 2014 жылы сатылымға шыққан «Кегок» акциялары бастапқыда 505 теңгеден саудаланған. Қазіргі құны - 870 теңге. Компанияның құнды қағаздарын сатумен айналысатын мамандардың болжамынша, бұл баға әлі де қымбаттауы мүмкін.

Азамат Әбдірахманов, «Freedom Finans» АҚ Шымкент филиалының директоры;

«Кегок» компаниясының қазіргі таңда 10 пайыз акциясы сатылды. Енді 10 пайыз акциясы ашық сатылымда жүр. Біздің болжамымыз бойынша бұл компанияның акциялары 1200-1500 теңгеге дейін қамбаттайды деп отырмыз. Өйткені, қыста күн қысқарып, электр желісін пайдаланушылар арта түседі.

Яғни, акцияны сатып алғандардың табысы артады. Бұған акционер атанғандардың өздері де сеніп отыр. Мәселен, Күмісбек Естібаев өткен жылы екі жарым миллион теңгеге құнды қағаз сатып алған. Бүгінде одан түскен табысы екі есеге артыпты.  Енді ол ақшасына да толықтай акция сатып алмақ ниетте.  

Күмісбек Естібаев, Шымкент қаласының тұрғыны;

Оны мен өзімнің тапқанымнан немерем бар 5 сыныпта оқитын. 10-сынып бітіргенше соған оқуға дайын тұрсын деп талаптанып жатырмын.

Айта кету керек, кез-келген адамның еліміздегі жетекші компаниялардың құнды қағаздарын сатып алып, табысқа қол жеткізуіне мүмкіндігі бар. Ол үшін «Freedom finans» АҚ-ның Шымкент филиалына келіп, кеңес алыңыз.   

 

Мақсұт АЙТЖАНОВ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...