ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

IPO: кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндік

13:24, 24 маусым 2016

Қазақстан қор биржасындағы өзіндік орны бар халықтық IPO өңір кәсіпорындарына жаңа жоба ұсынып отыр.

Ол үшін компания консультациялық кеңестер мен андеррайтерлік қызмет көрсетуге әзір. Шымкенттегі Риксос-Хадиша қонақүйінде өткен жиында «Фридом Финанс» АҚ өкілдері жергілікті кәсіпкерлерге осыны айтты. Арнайы семинарда тың бағытта инвестиция тартуды көздеген «Ақтөбе металл конструкциялар зауыты» АҚ-ң мүмкіндіктері таныстырылды.

Компания ұсынып отырған қызметті тек акционерлік қоғамдар ғана қолдана алады. Семинар-тренингке оңтүстіктің 70-ке жуық кәсіпорны қатысты.Олардың барлығы - алдағы уақытта табыс көзін арттырып, стратегиялық даму жолына түсуді мақсат еткендер. Тап осы ретте, оларға халықтық IPO ұсынып отырған қызмет көмекке келмек.

Тимур Турлов, «ФРИДОМ ФИНАНС» ИК-ның бас директоры;

Қазіргідей экономикалық қиын жағдайда компанияларға мерзімі шектеусіз инвестиция тарту- ең қажет дүние  дер едім.Мәселен,түскен табысты акционерлермен бөлісуге тура келсе де, бұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын толыққанды қамтамасыз ете алады.Біз бүгін «Ақтөбе металл конструкциялар» зауытының бәсекедегі артықшылығын ескере отырып, мол табыс табарына сеніп отырмыз.

Аталмыш зауыт Батыс Қазақстанның өнеркәсіп әлеуетінің 73 пайызын іске асырады. Ірі  өндіріс орнының  қарапайым акциялары шілде айының екінші жартысынан бастап сатылымға түседі. Әр акцияның бағасы шамамен 11 мың 177 теңге болмақ. Оның ішінде IPO-ға шығарылатын акциялар жиыны - 85 мың 892 дана. Жалпы құны 960 млн. теңге төңірегінде. Капиталдануы - 2,4 млрд.теңге.

Асқар Әбубәкіров, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры;

 мүмкіндіктерге қызығып  жатқан кәсіпкерлер өте көп. Қазір барлығы сұрақтарын жолдауда. Потенциалды инвесторлар табылады деген үміттеміз....

Компания сарапшылары: «Банктерден үстеме ақысы жоғары несие алғаннан, аталмыш акциялардың табыстарын пайдаға асырған әлдеқайда тиімді», - дейді. Олар оңтүстік Қазақстанды кездейсоқ таңдап отырған жоқ. Өңір - елдегі шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері көп шоғырланған екінші аймақ.

 

Гүлсара ТҰРАРБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар