ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«Қазақ-Қытай» магистральді газ құбырында ақау жоқ

13:56, 11 шілде 2016

«Қазақстан-Қытай» магистральді газ құбырынан қоршаған ортаға қауіп төніп тұр. №2 компрессорлы стансадан газдың исі шығады». Жедел желі арқылы желдей ескен бұл ақпар шындыққа жанаспайды. Ел құлағын елең еткізген мәселе туралы арна тілшілеріне «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекші мамандары жауап берді.

«Қазақстан-Қытай» бірлескен жобасы 2008 жылы қолға алынған. 4 жылда іс оңғарылып, магистралды газ құбыры  тартылды. Сол құбырдың бірі Түлкібас ауданындағы Балықты ауылының маңайынан өтеді. Жауапты серіктестік мамандары осы маңдағы тұрғындары уәжіне келіспей отыр.  Олар: «Қазақстан территориясынан Қытайға өтетін түркімен газынан ешқандай қауіп жоқ. Газ құбырындағы қысымдау жұмыстары талапқа сай атқарылып, барлық технологиясы мен сақтық шаралары толықтай сақталып отыр», - дейді.

Бахадыр Нарымбетов, «Азия Газ құбыры» ЖШС-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры;

Станса туралы көптеген қауесет айтылып жатыр. Бұл жерде қауіпсіздік мәселесі ең алдыңғы сапқа қойылған. Мұнда бірнеше сатыдан тұратын сақтық шаралары қарастырылған.Газ иісін анықтайтын приборлар жеткілікті.

 «Қазақстан-Қытай» магистралды газ құбырының № 2 компрессорлі стансасы Балықты ауылынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда  200 ден астам қазақ-қытай мамандары газ тасымалдау жұмысымен айналысады.  Жалпы, магистралды газ құбыры Қазақстан шекарасынан Қытайға дейін 1 жарым мың шақырымға созылған.

Қанат Жанұзақов, «Азия Газ құбыры» ЖШС-нің техникалық бөлім басшысы;

Бұл компрессорлық станса газ тасымалдауға арналған. Газға қысым беріп, Қытайға жеткізеді. Сол үшін арналған станса. Бұл магистральды газ құбыры Түркменстан-Қытай  газ құбырының бір бөлігі болып табылады.

Айта кету керек, бұл магистралды газ құбырының еліміз үшін пайдасы орасан. Қазақстаннның оңтүстік аймағындағы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары қыс айларында он пайыздан астам табиғи газды осы құбырдан алады. Сондай-ақ,  Қытай жағы түркімен газын Қазақстан арқылы  өткізгені үшін бес миллиард мүліктік салық төлеп, әлеуметтік-экономикалық өсімге ықпал етеді.

Сенбек Құттыбайұлы

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар