ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Қазақ-түрік байланысы нығая түспек

13:34, 23 маусым 2017

Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа – биыл, 25 жыл! Айтулы датаға орай, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев бастаған топ бауырлас елдің Кечиөрен ауданына барып қайтты. Игілікті шара түркиялық топтың оңтүстік өңіріне келуімен жалғасты. Делегация мүшелері түркі руханиятының астанасында тұрғындармен кездесіп, екі ел арасындағы байланысты бекем етуге ниет білдірді.

Түркия Республикасы, Кечиөрен ауданының төрағасы Мұстафа Ак бастаған топ алдымен Қожа Ясауи кесенесіне барды. Алдымен, атажұртта құрбандық шалды, құран бағыштады. «Әзірет-Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайына қарасты Хилует жерасты мешіті мен шығыс моншасын тамашалады. Осындағы Қолөнер шеберлерінің орталығына барып, ұлттық бұйымдардың ерекшелігіне таңданыс білдірді.

Бұдан соң түркиялық топ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тыныс-тіршілігімен танысты. Түркі әлемінің рухани сабақтастығын жаңғыртқан кеште қала басшысы қос ел арасындағы бауырмалдық – ұрпақтан ұрпаққа жетуі керектігін айтты.

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі

Туркия біз үшін қашанда үлгі алатын мемлекет. Біздің сіздерден үйренеріміз көп. Әрқашан сіздердің қолдауларыңа иеміз, оған да шүкір. Байланыс нығая түсуі керек. Бұл бірлік келесі ұрпаққа да жалғасын таба білген дұрыс.

Бауырластар сапарының негізі мақсаты – қасиетті Түркістан қаласының тұрғындарына ауызашар рәсімін өткізу. Игілікті іске жергілікті 600-дей азамат қатысты.

Жарқынбек Құлбайымбетов – Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш болып, осы Түркия мемлекеті мойындаған. Сондықтан да біздер бауырмал мемлекеттерміз. Мынау қасиетті айда берген ауызашаларын түркістандықтар құп көріп отыр. Бірлігіміз жарассын.

Қазақстан мен Түркия байланысы бекем, бауырмалдығы үлгі мемлекеттер. Ал, арнайы делегация түркістандықтардың дінге беріктігі мен халқының татулығына ерекше ризашылықтарын білдірді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар