ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ

14:46, 30 шілде 2018

Қазақстан тауарларының Қытайға экспортталу көрсеткіші жоғарылауда. «Made in KZ» белгісіндегі экология таза азық-түліктен қазір ет, бал, нан өнімдері жоғары сұранысқа ие.

Қытай тарапы  қазақ жерінде бағылған малдың еті Аргентина, Жаңа Зеландия ет өнімдерімен бәсекеге түсе алатынын айтады. Сол үшін Ухань қаласындағы ірі сауда орындарының бірінен  арнайы павильон ашылған. Онда сату лицензиясы бар  қазақстандық 5 зауыттың еті саудаланады. Екі елдің тиімді келісімін  «Green Gold SKO» компаниясы сәтті іске асыруда. Жоба аясында солтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің асығы алшысынан түскен. Нарықтағы тынысы кеңейген. Бизнес иелерінің пайымынша, отандық тауарлардың Қытайдағы сұраныс көлемі жоғары, бағасы да қымбатырақ. Тек арнайы зертханалық тексеруден  ешбір қиындықсыз өтсе болғаны. Қазақстан мен Қытай тарапының «Бір белдеу, бір жол» аясындағы байланысы отандық омарташылардың да табысын еселеуде. Ал, сенімді сапа сертификатын алматылық және шығысқазақстандық кәсіпкерлер иемденген.  Ұн мен күнбағыс майынан  «Радуга» ЖШС-нің өнімдері  қытайлықтардың таңдаулы тауарына айналды. Бұл өнімдер... Шаньси провинциясының Сиань жәрмеңкесінде көптеп сатылуда. Қазақстандық ұн тез пісірілетін лапша өндірісінде таптырмайтын шикізат. Екіжақты сауда осылайша, жоғары қарқынмен дамуда. Кәсіпкерлер енді логистика мәселесінің түбегейлі оң шешілуін қалайды. 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...
Жас кәсіпкерлерге 2 миллион теңге несие берілмек
19:45, 30 қараша 2017
Жас кәсіпкерлерге 2 миллион теңге несие берілмек
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...