ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«Казтрансойл» АҚ – табысқа бастайтын компания

07:05, 26 мамыр 2016

КазТрансОйл – мемлекетіміздің мұнай тасымалдаушы аса ірі компаниясы.

Ол Республикамыздың 11 облысындағы өндірістік нысандары арқылы жұмысын жүргізуде. Тәулік бойы, ауа-райының түрлі жағдайында да тұтынушыларға қара алтын тасымалын тоқтатқан емес. Шымкент бас мұнай айдау станциясы - өңірімізде өркендеген кәсіпорындардың бірі. Біздің тілшіміз де мұнайшылардың еңбегіне куә болып қайтты.

«Қазтрансойл» АҚ  -  мұнай тасымалы саласында алпауыт компания. «Шымкент бас мұнай айдау станциясы» болса құрылымдық бөлімшелерінің бірі болыпі саналады. Ал, мына резервуарлар паркі – станцияның жүрегі іспетті. Көлемі 20 мың текше метрлік  қазандықтардың әрқайсысында әрі қарай тұтынушыларға жеткізу үшін мұнай жинақталады.

Негізінен ай сайын берілетін жоспар бойынша Шолаққорған станциясынан келетін қазақстандық шикізат Шағыр мұнай құю эстакадасына жеткізіледі. Сол жерде темір жол сыйымдылықтарына құйылып, тұтынушыларға жөнелтіледі. Жұмыстың тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік жүйенің барлығы автоматтандырылған.

Талғат Баймаханов, «Қазтрансойл» АҚ шығыс филиалы Шымкент мұнай құбыры басқармасының бастығы;

Бұл мекеме осы жыл сайын Шымкент зауытына 4500 тонна мұнай айдап алып келеді. Мұнай Қазақстанның Құмкөл кен орнынан әкелініп жатыр. Сондықтан осы құбырлардың істеп жатқанынан мемлекетімізге деген үлкен қомақты қаржы түсіріп жатыр.

Бүгінгі күні бас мұнай айдау станциясында барлық еңбек жағдайы жасалған 80-нен астам адам жұмыс істейді. Солардың бірі Нұржау Ибрагимовтың осында еңбек еткеніне 10 жыл болған. «Қызмет жылдарында талай нәрсе өзгерді, өзгермегені тек жұмыскер талабының бірінші орынға қойылатыны» дейді ол.

Нұржау Ибрагим, «Қазтрансойл» АҚ «Шымкент» бас мұнай айдау станциясының слесарі;

Жалпы, «ҚазтрансОйл» компаниясына алғысым шексіз. Бала-шағамызды жаз айында тегін саяхатқа жіберіп отырады. Тегін медициналық қызмет көрсетіп отырады. Көптеген материалдық көмектері бар.

Шымкент бас мұнай айдау станциясында ауысыммен таңғы сегізден кешкі сегізге дейін он екі сағат еңбектенетіндер облыс орталығынан арнайы көлікпен қатынайды. Олар жұмыс киімі, азық-түлікпен қамтамасыз етілген  және күнделікті еңбек үшін қажетті құрал-жабдықтар стандарттарға сай. Станцияда еңбек қауіпсіздігі - басты назарда. Бұл қауіпсіз жұмыс жүргізудің басты алғышарты, - дейді мұнайқұбыршылары.

 

 

АЙЖАН ӘШІРХАН

                                                                       

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар