ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Қазынаға қаржы артығымен түскен

18:37, 16 қаңтар 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің құзырына кіретін түсімдер бойынша Мемлекеттік бюджет 106 пайызға орындалған.

Яғни, межелеген жоспардан асып, қазынаға 4 млрд. 312 млн-нан астам теңге түскен. Десек те елімізде экспорт көрсеткіші төмендепті. Өткен жылы жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктер жайлы Мемлекеттік кірістер басқармасының жылдық есебінде баяндалды.

Дағдарыс дүмпуі ел іргесіне соққан кезеңде мемлекеттік түсімдерді жіті назарға алу басты жоспарда. Сондықтан болар, талмай тер төккен өңір салықшылары Республикалық бюджетке 2 млрд 614 млн. теңге, жергілікті қазынаға 1 млрд 698 млн. теңге артығымен түсім түсірген. Сонымен қатар жоспарлы күтілетін түсімдер мен төлемдерден басқа қосымша резервтер анықталып, қазынаға қаржы құйылған.

Өңіріміздің ішкі сауда айналымы 2 млрд 107 млн. АҚШ долларын құрап отыр. 2015-ші жылы облысымызда Мемлекеттік кірістер басқармасында 23 354 тауар декларациясы рәсімделген. Оның 16 609-ы импорт 6745-і экспорт.

Өткен жылдың 12 айында кедендік төлемдер мен салық түсімі 104 пайыздан асқан. Одан қазынаға жалпы 32 млрд 407 млн. теңге түсті. Мемлекеттік кірістерді арттыру мақсатында ағымдағы жылға жүйелі жоспарлар түзілген.

 

Кенжехан ДҮЙСЕНБІ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар