ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«Максимум» және «Ырыс» ұйымдары соңғы бес жылда 15 мыңға жуық жобаны қаржыландырған

14:26, 10 ақпан 2016

«Максимум», «Ырыс». Қаржылық институттар соңғы 5-6 жылда түстік жұртының қажетіне жарап тұр.

Қос ұйым 2009 жылдан бері  15 мыңға жуық жобаны қаржыландырған. Бұл жерден мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, несібесін арттырғандардың тірлігі қандай?

Пайызы төмен, қолжетімді несие. Әрі құжат рәсімдеуге немесе қызмет көрсетуге алым ұсталынбайды. Ал, мұндай тиімді жоба тек оңтүстік облыста ғана іске асқан. Мемлекеттің күнгей өңірдің ауыл шаруашылығын көтеру мақсатында бөлген қаражаты - 37 млрд. теңге.  

Ерлан Ешназаров, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма басшысы

Кәсіпкерлікке  қызмет көрсету орталығында біздің аймақтық менеджерлер отырады. Сол жердің қызметкерлерімен бірлесіп, шаруаларға бизнес жоба жасап береді. Алғашқы кезде бүкіл дайындық жұмыстарын жасайды.

Өткен жылы 4  млрд. теңге болатын 800  жоба осы қаржы ұйымдарынан қолдау тапты. Нәтижесінде 40 мың жұмыс орны ашылып, екі қолға бір күрек таппай жүрген талай жанның мәселесі шешілді. «Максимумның» мүмкіндігін пайдаланғандардың бірі – «КазПромКірпіш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компания өкілдері бір емес, үш рет қаржы ұйымынан несие алды. Бәйдібек ауданында «Травертин» тасын өндірумен айналысып келеді. 

Нұрлыбек Төбелбай, аға оператор;

Тапсырысқа сай түрлі пішіндегі өнімдерді шығарып жатырмыз. Алған қаржыға біз Қытайдан құрылғылар сатып алдық. Өндіріс өнімділігі де көңілімізден шығып жатыр. Айлық-жалақымыз да жақсы.

Қос  ұйымның капитал көзі негізінен облыс қазынасынан қаржыландырылады. Сондай-ақ,  қаражат түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы да толығады. Бұл капиталды көбейтудің кепілі емес, мүмкіндігі. Мамандар ақша тек мұқият есепті қажет ететінін айтады.  Қарыздың қайтарымы барын ұмытқандар айыппұл төлейді. Ал, мақсатсыз жұмсағандар банкроттықтың батпағына батуы мүмкін.

 

 

ГҮЛСАНАТ ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар