ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Ордабасыда салық түсімі ұлғайған

19:45, 9 наурыз 2017

Салық түсімі тек әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын мемлекет қазынасы емес. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың кәсіпкерлікті дамыту көрсеткішінің нәтижесі. Бұл ретте, Ордабасы ауданында атқарылып жатқан ілкімді іс жетерлік. Белгіленген меже артығымен орындалуда. Бұған ордабасылықтар шағын және орта бизнесті өркендетіп, қосымша көздерді табу арқылы қол жеткізді

Ордабасы ауданында 9 647 шағын және орта кәсіпкерлік нысандары бар. Әрбір 11-ші азамат осы салада жұмыс істеп жүр. Шағын және орта бизнес экономикамыздың алға сүйрейтін күш. Соның арқасында  жоспарланған меже артығымен орындалды.

Мирхан Егізбаев - Ордабасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

2016 жылға 1 млрд 943 миллион теңге жоспарланған болса нақты түсім 2 млрд 269 миллион теңгені құрады. Бұл өткен 2015  жылмен салыстырғанда 136 пайызды құрап 611 миллион теңгеге артығымен орындалды.

2016 - жылы қосымша резервтерден салық көлемін ұлғайту бойынша талдау жүргізілді. Нәтижесінде, 284 миллион теңге өндірілді.  Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 208 пайызға көп.

Мирхан Егізбаев - Ордабасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

Ауданда көлік салығы 2016 жылы 80 млн теңге деп жоспарланған болса, нақты түсім 91 миллион теңге болып жоспар нақты 113 пайыз артығымен орындалып, бюджетке қосымша 10 миллион теңгеден артық түсім түсті. А талған көрсеткіштер облыстағы аудандар арасынан жоғары көрсеткіш деп мақтанышпен айта аламыз. 

Өткен жылы салық басқармасы халыққа 39 мыңдай қызмет түрін көрсеткен. Оның 23 мыңы электронды жүйе арқылы іске асты. Сондықтан, салықшыларға халықтан түсетін арыз-шағым болмапты. Есесіне, кірістер еселеп артты.

НҰРМАХАН Кенжехан                                                 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...