ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Мемлекет қаржысы мақсатты жұмсалуы тиіс

18:04, 13 тамыз 2015

Биыл Түркістан қаласында 2 мектеп 3 балабақша пайдалануға беріледі.

Одан бөлек 256 млн теңгеге қаладағы 8 білім ошағы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұйыртса барлық жұмыстар жаңа оқу жылына дейін аяқталуы тиіс. Бүгінде құрылыс сапасымен жұмыстың мерзімінде бітуі басты назарға алынған.

Жұмыстың сапалы болуын білім бөлімінен бастап, қала әкіміне дейін қадағалап отыр. Оның дәлелі шаһар басшысы Әлібек Өсербаев жақында лентасы қиылғалы тұрған балабақшаға барды.

280 балаға лайықталып салынған бөбекжайға республикалық бюджеттен 432 млн теңге жұмсалды. Бастағы жоспар бойынша балаларға мектепке дейінгі тәрбие беретін орталықта бөлінген қаржыға  балғындар үшін барлық жағдай жасалуы тиіс деп көрсетілген. Құрылыс сапасын көруге қала әкімі жұмыстың жоспарға сай атқарылған көз жеткізді.

Бекарыс Шойбеков, Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы:

Жұмыстар маусымның 20-на басталған.Біз тамыздың 20-на қабылдап алуымыз керек.Бірақ, межені сол 15-і деп қойып отырмыз. Мердігерлер қандай да бір олқылық жіберсе, оны орындауға міндетті. Ол келісім-шартта көрсетілген.

Ал мынау Саттар Ерубаев атындағы мектеп-интернаты. Бұл білім ошағына 2013 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Биыл мемлекет қазынан тиісті қаржы қаралып күрделі жөндеуден өтіп отыр. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталып ғимарат жаңа оқу жылына дайын.

Зейінбек Жұмабеков, Саттар Ерубаев мектебі  директорының орынбасары:

Соңғы рет ремонт мектебімізде 2013 жылы болған еді. Жұмысшылр қазір осы Түркістан қаласынан тартылып отыр. Мектебіміз дұрыс болып қалды. 

Айтып өту керек, соңғы жылдары қалада білім беру саласының жұмысын жетілдіру үшін қаржы көлемі еселеніп отыр. Мәселен биыл қалалық білім беру саласынан 7 млрд. 804,6 млн.теңгеге қаржы бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі пайызға жоғары. Енді тек сапа жақсарса болғаны. 

НҰРГҮЛ ТАПАЕВА 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...