ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Индустриалды аймақта биыл 4 жоба іске қосылмақ

16:39, 17 тамыз 2015

Түркістанда туризммен қатар өндірісте өркендеп келеді.

Мәселен, тек биылдың өзінде шаһардағы жаңадан құрылған индустриалды аймақта 4 жоба жүзеге аспақ. Нәтижесінде 200 жаңа жұмыс орыны ашылады.

Индустриалды аймақта жүзеге асып жатқан 4 жобаның бірі «Қадір іс» ЖШС-нің кірпіш құю цехы. Жыл басында іске кіріскен серіктестік зауыттың алағашқы кезеңін іске қосты. Бүгінде айына 1 млн дана кірпіш күйдіретін пеш істеп тұр. Құрылысқа қажет кірпіштің 6 түрі дайындалуда.

Зафар Каланов, «Қадір іс» ЖШС директорының  орынбасары:

Мемлекеттің қолдауының арқасында осы жерден жер бөлініп, кірпіш күйдіретн цехты іске қосқалы отырмыз.Бүгінгі таңға құрыыс жұмыстары аяқталды. Енді тек шикізаттарды дайындап, іске кірісуіміз керек. Августтің аяғында бітіп, сентябрде іске қосамыз деп жобалап отырмыз!

Негізінде қаладағы индустриялды аймақта құны 7 млрд. 663 млн. теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асады  деп жоспарланған. Сонда, 545 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.  Міндетті меже, іске аса, бастысы, құрылыс кластері дамып, ішкі нарықта отандық өнімнің үлес cалмағы артады.

Тәжібек Мұсаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары:

Индустриалды аймаққа барлық инфрақұрылымы яғни, жолы, темір жолы, канализация, жарығы, байланыс жүйесі іске қосылған.Биыл 4 жоба іске қосылады деп отырмыз.Ол орындалса, 200 ден астам адам жұмыспен қамтылады.

Индустриялды аймақтың 40 га жеріне инфрақұрылымы жүйелері тартылған. Бүгінгі таңда мақұлданған тоғыз жоба 27,9 гектар жерге жайғастырылған. Шаһар басшылығы әлі де болса тың жобаларға жер бөлуге әзір екендіктерін айтады..

 

Нұргүл ТАПАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...