ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Күркетауық жемі өзімізде өндіріледі

18:00, 19 тамыз 2015

Күрке тауық етін өндіретін «Ордабасы құс» серіктестігі құрама жем дайындайтын зауытын толықтай жаңғыртудан өткізді.

Соның арқасында балапандар жейтін түйіршік жемдерді де өздері шығарып жатыр. Шеттен сатып алмайды. Кешен жылына 35 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Қазірдің өзінде артық жемге көрші Қызылорда облысындағы балық шаруашылығымен айналысып жатқан кәсіпкерлерден  сұраныс түсіп жатыр екен. Сапалы күркетауық етімен  танылған зауыт осылайша өзіндік құнын төмендетуді жоспарлап отыр.

«Ордабасы құс» ЖШС-нің құрама жем дайындайтын зауыты компанияның даму бағдарламасының екінші кезеңі бойынша толықтай жаңғыртудан өткен. Барлық жұмыс компютердің көмегімен басқарылады. Жүгері мен бидай жемнің негізгі бөлігін құрайды.

Оған соя мен мақсары майы және түрлі қоспалар қосылады. Серіктестік ендігі жерде дәнді дақылдарды өздері егіп, одан құсқа қажетті жем дайындамақ. Бұл өзіндік құнға да әсер етеді.

Мұрат Тағаев, «ОРДАБАСЫ ҚҰС» ЖШС бас директоры:

Біз осы құрама жемнің сапасы мен оның өзіндік құнын арзандату бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Ол үшін осы құрама  жемге қажетті барлық дәнді дақылдарды өзіміз өндіреміз. Сонда құрама жем құны арзандаса әрине одан еттің де құны арзандап шығады.

Кәсіпорын бұрындары күрке тауық балапандары жейтін жемді сырттан қымбат бағаға сатып алатын.Енді өздері шығарып жатыр. Ұсақ түйіршіктер шөжелердің жеуіне ыңғайлы және түрлі қоспалар олардың тез-өсіп жетілуіне көмектеседі.Соның арқасында балапандар 6 айда жеуге келеді.

Бақтияр Жұмаханов, «ОРДАБАСЫ ҚҰС» ЖШС құс сою бөлімінің  басшысы:

Күндігіне 40 тонна күркетауық етін өндіреміз.былтырғыға қарағанда екі есе. Қазіргі таңда 72 түрлі өнім шығады.Оның 32-сі шұжық дайын өнім.Қалған 40 ет күйінде сатылымға шығып жатыр.

Кедендіқ Одақ Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Дүние жүзілік сауда ұйымына мүше болып кірер алдындағы үлкен сынақ болды дейді зауыт басшылығы.

Өйткені сапалы күркетауық етімен танылған кәсіпорын ауқымы  кең Кедендік Одақ нарығына тауық етінің 35 пайызын экспорттайды Отандық өнім сапасы жағынан өзгелердікінен кем емес. Бәсекеге қабілетті дейді күркетауық өсірушілер.

 

Нүркен КҮЗЕРБАЕВ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...