ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Оңтүстік Қазақстан облысы: «Сарқылмас саяхат-2014» жәрмеңкесі жалғасын тапты

18:27, 2 маусым 2014

Қазақстанды туристік елге айналдыруды мақсат еткен «Сарқылмас саяхат-2014» жәрмеңкесі тап осы ауданда жалғасын тапты.

Туризм – ел экономикасы дамуының тетігі. Шығыны аз, пайдасы шаш етектен. Мұны жүзеге асыруға әсіресе, Төлеби ауданының табиғаты қолайлы. Қазақстанды туристік елге айналдыруды мақсат еткен «Сарқылмас саяхат-2014» жәрмеңкесі тап осы ауданда жалғасын тапты.
 
Жері шұрайлы, ауасы мен суы шипалы ауданда туризмді дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Бірінші кезекте келушілердің қызығушылығын туғызатын бірнеше демалыс аймақтары бар. Соның ішінде «Тау самалы», демалыс аймағы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына жол ашатын басты құрылым.
 
Сапарбек Тұяқбаев, ОҚО әкімінің орынбасары:
Біздің елде туризм басым бағыттардың, жаңа кластердің арасына кіріп отыр. Елбасының тұжырымдамасы бекітіліп, осы бес облыстың біреуі боп, Оңтүстік Қазақстан еніп отыр. Бүгінгі жәрмеңкенің мақсаты – туризмді ары қарай дамыту. Қазақстанның туристік потенциалы, дамып жатқан инфрақұрылым жоғары деңгейде.
 
Туризмді дамытуда ауданда оң нәтиже байқалады.Сондай-ақ, Нысанбек ауылындағы «Тау самалы» демалыс аймағы жанынан қосымша 1 миллиард 104 миллион теңгелік 150 адамға арналған емдік-сауықтыру орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
 
Айдана Бахтыбекқызы, Алматы облысы Туризм басқармасының бас маманы:
Шымкент қаласында «Сарқылмас саяхат» дәстүрлі түрде атап өтілуде. Әр жыл сайын осы іс-шарадан қалмаймыз. Осы жылы да қатысып отырмыз.
 
Сол аталмыш демалыс аймақтың жаздық демалыс маусымының ашылуына орай туристер арасында жәрмеңке ұйымдастырылды.  Қазақстан мен  шетелдерден келген  туристер жәрмеңкені тамашалады. Шара аясы  әсем әуенмен көмкерілген көңілді кешке ұласты.
 
Арайлым БАЙНИЯЗОВА     

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...