ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Оңтүстік Қазақстан облысы: Бәйдібекте ауыл шаруашылығын дамыту қажет

17:00, 28 шілде 2014

Іс-сапарын осы өңірде жалғастырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов осындай байлам жасады.

Ол үшін суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру керек. Іс-сапарын осы өңірде жалғастырған Берік Оспанов осындай байлам жасады. Сондай-ақ, мұнда атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарымен танысты.

Боралдай ауылдық округі Жыланды ауылында бұрынғы білім ұясының тозығы жеткен болатын. Қазір осы  елді мекеннің іргесінен еңселі мектептің  құрылысы басталды.

Жазылбек Әбілдабекұлы,  Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары:

Бәйдібек ауданы бойынша 200 орындық Комсомол мектебі. Шұғыла ЖШС құрылысты жүргізіп жатыр. 323 миллион бөлінген. Кестеге сай жүргізілуде. 2015 жылы аяқталады.

Ақбастау ауылының тұрғындары биыл жаңа мәдениет үйінің табалдырығын аттайды. Жұмысы қарқынды. Ал, «Зият» ЖШС қолға алған  Жамбыл ауылындағы мәдениет үйінің құрылысында шикілік бар. Мұны аудан әкімі қолмен қойғандай етіп көрсетті.

Ақбастау ауылдық округінде «Ысқақ-Тасболат» шаруақожалығы 100 гектар аумаққа тамшылатып суару әдісімен бау-бақша егіпті. Жобаның құны - 58 миллион теңге. Алдағы уақытта жеміс өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр. Бұл орайда диқандарға мемлекеттің көмегі ауадай қажет.

Берік Оспанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

Суармалы жерлерді қазір қалпына келтіру керек. Су бар, бірақ пайдаланылып жатқан жоқ. Жүйелер істен шыққан соң, ешкім пайдаланбайды. Яғни, бұрынғы суармалы жерлерге егін егіліп жатқан жоқ.

Іс-сапар барысы қоғамдық қабылдаумен жалғасты. Мұндағы шаруалардың да тілегі бір. Мал шаруашылығын дамыту үшін несие алудың тиімділігін арттыру сөз болды. Ал, теректілік азамат тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерін ауыстыруды өтінді.

Гүлмира ОҢЛАСБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...