ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Кәсіп ашамын деген жастарға «Шаңырақ» ұйымы көмек көрсетеді

17:00, 21 тамыз 2014

Облыстық жастар орталығының бастамасымен алғаш рет 2013 жылы ашылған пилоттық жобаның ауқымы кеңейді.

Өңірімізде өз кәсібін ашқысы келген жастарға «Шаңырақ» ұйымы көмек көрсетеді. Облыстық жастар орталығының бастамасымен алғаш рет 2013 жылы ашылған пилоттық жобаның ауқымы кеңейді. Болашақ кәсіпкерлердің алғашқы баспалдағы  болған орталыққа бүгінде 8 кәсіпкер өтініш беріп үлгерген.    

Мұнда жастарға кәсібін жолға қою үшін барлық жағдай жасалған. Алған бағыты айқын, қолында нақты бизнес жоспары бар азаматқа тегін интернет қызмет түрлері, қажетті құралдармен жабдықталған жұмыс орындарымен қатар, күзет қызметі де қарастырылған.

Қолдаудың арқасында кәсібін жолға қойған азаматтар алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдайтын болады. Облыс әкімінің бастамасымен ашылған орталық 6 бағыт бойынша жұмыс жасайды.

Мәселен, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, ерікті жастар мектебін ашу мен дамыту, мектеп жасындағы тәртібі қиын оқушылармен жұмыс жасау бағыттарын қамтиды.

Шымқалада алғаш рет бастама көтерген жоба «Шаңырақ-Коуоркинг» (Сoworking) деген атаумен бір мезгілде 30-ға жуық кәсіпкерге қызмет көрсете алады.     

Шолпан АЯЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...