ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Құрылысқа қатысты тендерлерге 2 ай тежеу болады

12:25, 21 қаңтар 2015

Әлемдік нарықтағы қара алтынның құнсыздануы біздегі құрылыс саласына да әсер етуі мүмкін. Өйткені өңірдегі биылға жоспарланған құрылыстарға бөлінетін қаржы 2 айға шегеріліп отыр.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Ербол Садырдың айтуынша, енді осынша мерзімге дейін облыста құрылысқа қатысты ешқандай тендер жарияланбайды.

Бұл ұйғарымның өткен жылда бітпеген құрылысқа қатысы жоқ. Ал, былтырдан бізде 24 нысан ел игілігіне берілмей қалған. Олардағы жұмысты аяғына дейін жеткізу үшін 7 млрдтан астам қаржы қаралып отыр. Яғни, басталған іс жартыжолда қалмайды. «Бірақ құрылыс сапасына бас қатыру керек» - деп бастама көтерді облыстық мәслихаттың депутаты Өмірзақ Мелдеханов.  Оның айтуынша, біздегі бұл салада бармақ басты, көз қысты әрекет көп.   

Естіген құлаққа ерсі болса да, боямасыз шындық осыған саяды. Осыны айтқан депутат мемлекеттік сатып алу кезінде де  жемқорлық жайлы көп айтылатынын тілге тиек етті.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды. Содан болар, бас көтеріп жауап айтқан жан табылмады. Ал, жыл бюджетінің жай-жапсарын жеткізген басқарма басшысының сөзінен ұққанымыз құрылыс саласынан басқа, барлық салаға бағытталған қаржы қысқартуға ұшырамаған.     

Бұдан бөлек, биыл ауылшаруашылығын қолдау мақсатында берілетін жеңілдетілген несие үшін бөлінген қаржы көлемі де қомақты екен. Бірақ, бұл қаражаттың да тиімді игерілуіне қатысты көптің күмәні басым.

Жауап жоқ, жауап беретін маман да жоқ. Енді барлық мәселе кезекті сессияда тағы да талқыға салынбақ.

Мақсұт АЙТЖАНОВ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...