ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Тоқыма кластерін қолдау

16:32, 30 қаңтар 2015

Тоқыма өндірісін тоқырауға ұшыратпау қажет! Сала тізгінін ұстаған бір топ кәсіпкер осыны айту үшін «Алтын Орда» бизнес орталығында бас қосты. Облыс экономикасындағы кіші және орта бизнес үлесін еселеп отырған жеңіл өнеркәсіп саласы электр қуаты, мемлекеттік сатып алу және шетелден импортталатын тауарлардың салдарынан қағажу көріп отыр. Тығырықтан шығудың жолы қандай?

Жомарт Керімшеев «Балтекстиль» атымен елімізге етене танылған өндіріс орнының өкілі. Жылына 2 млн. 300 мың шаршы метр кілем шығаратын кәсіпорынның келешегі кемел. Ашылғанына аз ғана уақыт болса да, сапалы өнімдері нарықтан өз орнын тапты. Қазір зауытта 170 жан жұмыс істейді. Алайда, өндіріс орнының өркен жаюына Өзбек елінен импортталатын сапасыз төсеніштер тұсау болып отыр.

Тоқыма өндірісінің өркендеуіне өзге мәселелер де қолбайлау. Мәселен, электр қуатына алдын-ала төлем жасау және мемлекеттік сатып алудағы олқылықтар. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді». Жеңіл өнеркәсіптің тізгінін ұстаған кәсіпкерлер: «Біртұтас қауымдастық қанатының астына бірігу керек. Сонда ғана қордаланған проблемалардың түйінін тарқата аламыз», дейді.  

Оңтүстікте тігін өндірісімен шұғылданатын 20-ға жуық ірілі-ұсақты кәсіпорын бар. Бұл жиынға солардың басым бөлігі қатысты. «Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпас». Тоқыма саласын кәсіп еткендер алдағы уақытта жұдырықтай жұмылып, жұмыс істеуге бекінді. Осылайша олар «тұралап қалған тіршілікті ауызбіршілік болса, ұршықша иіреміз!»- деп тарқасты.  

Гүлсанат ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...