ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Тоқыма саласы дамып келеді

15:39, 3 ақпан 2015

Өңірімізде күн санап, жеңіл өнеркәсіп саласы қарқын алып келеді. Елдегі ішкi тұрақтылықтың арқасында мақта өңдейтін кәсіпорындардың саны артып, жаңадан фабрикалар ашылып жатыр. Солардың бірі - мақта талшығын өңдеп, мата шығаратын «Сауз текстайл» фабрикасы. Он жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан өндіріс орны жуырда үдемелі индустриалды инновациялық бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алып, өндірістің іргесін кеңейтудің қам қарекетіне кірісіп кетті.

Он жылдан бері жіп иіріп, мата шығаратын «Сауз текстайл» фабрикасы ашылғалы бері ешбір тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан өндіріс орны. Швейцария, Жапония, Германиядан әкелінген заманауи қондырғылармен жабдықталғанкәсіпорын  отандық нарықта да, шетелдік әріптестері арасында да сапалы өнімдерімен ерекшеленеді. Себебі мұнда жоғары сортты мақталар өңделіп, одан жіп шығарылады. Дайын өнімнің де сапасына үлкен мән беріледі. Бүгінде мата шығару ісін де қолға алған кәсіпорында 450-ге тарта адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Дайын өнімді  Франция, Англия секілді алпауыт мемлекеттерге сататын кәсіпорын жылына шамамен 15 миллион шаршы метрдей  мата шығарады.Оған қажетті шикізатты да өздері дайындайды. Кәсіпорынның қарқынды тірлігінің арқасында табыс көлемі ұлғайып, жұмысшылардың да әлеуметтік жағдайы жақсарып отыр.

Ал мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулардың  арқасында өркенді өндіріс жанданып келеді  дейді кәсіпорын басшылығы.

Отандық тоқыма бұйымдарын дүниежүзілік нарыққа шығаруды көздеген фабрика ұжымы енді кәсіпорынды іргелікомбинатқа айналдырмақшы. Сөйтіп шикізаттан бастап мата тоқу, қала берді сан алуан бұйымдар шығару ісін жүйелі түрде жүргізбекші. Осындай қат-қабат тірліктерді жүзеге асырып, тоқыма кластерін дамыту арқылы  ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесімізді қосатын боламыз дейді кәсіпорын басшылығы.

Кенжехан ДҮЙСЕНБІ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...