ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Шекарадан тауар алып өту үшін енді екі ғана құжат жеткілікті

18:00, 17 ақпан 2015

Жаңа заңның тиімділігі сол, қағазбастылықтан құтқарады.

Шет мемлекеттерден тауар тасымалдайтын кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық. Елімізде биылдан бастап, күшіне енген жаңа Кеден ісі туралы кодексте кәсіпкерлер үшін айтарлықтай жеңілдік бар. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде өткен басқосуда айтылды. Ол қандай жеңілдік? Тиімділігі неде?

Жаңа заңның тиімділігі сол, қағазбастылықтан құтқарады. Шеттен келген тауарды шекарадан алып өту үшін енді екі ғана құжат жеткілікті. Бұрынғыдай келісім шарт пен тауар туралы тілдей парақ іздеп, дал болмайсыз. Тек қана өнімнің бағасын растайтын қағаз бен көлік құжаты болса болды. Қалғаны міндетті емес. Кәсіпкерлер үшін керегі де осы.      

Нұржан Муталиев, ОҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы: 

бұл жерде ең басты мәселе кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан бірін-біріне сенімгершілікті арттыру. Қаншалықты кәсіпкер өз ісіне жауапты қараса соншалықты мемлекет тарапынан жеңілдіктер ұсыныла береді. Сол себепті уәкілетті оператор мәртебесін алу үлкен кәсіпорындарға тиімді деп ойлаймын.

Жаңа заңда ұзын саны алпысқа жуық өзгеріс бар. Солардың бірі - енді шекарадан тауар алып өту барысында анықталған әрбір заңбұзушылық үшін кәсіпкер бұрынғыдай бірден жауапқа тартылмайды. Кемшілікті жою үшін он күн уақыт беріледі. 

Ғалымжан Аязов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

Бұрын міндетті түрде анықталған заңбұзушылық міндетті түрде жауапкершілікке тартылатын. Арнайы салық төлемдерге де ения саналатын. Енді оның бәрі өзгертілді. Егерде кәсіпкерлер өзі тарапынан заңбұзушылықты анықтап жойса онда біз әкімшілік жауапкершілікке тартпаймыз.  

Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтеді деп күтілген заң жобасы бүгінде күшіне енген. Тиімділігін уақыт көрсетеді. Ал, тиісті сала мамандары «заңды тағы ізгілендіру үшін кәсіпкерлер тарапынан ұсыныс болса, қарауға дайынбыз» - деп, отыр.

 

Мақсұт АЙТЖАНОВ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...