ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Шетелдік қаржы ұйымдары агроөнеркәсіп саласын қолдайды

21:00, 24 ақпан 2015

Енді елдегі агробизнес саласын қаржылай қолдауға Қазақстан Үкіметінен бөлек АҚШ Үкіметі мен еуропалық қайта құру және даму банкі қызығушылық танытып отыр.

Енді елдегі агробизнес саласын қаржылай қолдауға Қазақстан Үкіметінен бөлек АҚШ Үкіметі мен еуропалық қайта құру және даму банкі қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы кәсіпкерлерді қолдаушы ұйымдармен кездескен банк өкілдері мәлімдеді. Айтып өтейік, Орта Азиядағы агроөнеркәсіп секторын қолдау мақсатында АҚШ-тың шағын бизнесті қолдау жөніндегі қорымен Еуропалық қаржы ұйымынының мамандары өңірімізге келген еді.

Бірден айтып өтейік, агроөнеркәсіп саласының бойына қан жүгіртуді көздеген шара өңірімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Басқосуда біріншіден шетел нарықтарына кіру амалдары сөз болды. Осы саладағы көрсеткіші жоғары елдердің тәжірибесі мысалға келтірілді.

Тереза Гречин,  АҚШ-тың Алматыдағы бас елшісі:

Оңтүстік Қазақстан облысының агро өнеркәсіп саласын дамытуға мүмкіндігі мол.Ол баршаға белгілі деп ойлаймын. Тіпті бұл жағынан Алматы облысының өзін артқа қалдырады. Біз сондықтан да бүгін кәсіпкерлермен кездесіп отырмыз. Егер тың жобалар болса біз қаржылай қолдау көрсетуге дайынбыз. 

Сонымен бұл шарадан біздің өңір не ұтады? Осыған тоқталсақ. Бірінші ден Шымкентте бұйыртса, жақын жылдары агро аймақ құрылады. Аумағы 63 гектар жерді алатын жылыжай толықтай жаңа үлгіде салынбақ. Бүгінде жобалық сметалық құжаттар әзірленіп сраптамаға жіберіліпті. Егер мақұлданса, қаржы ұйымдары қаржыландыруға дайын. Оның ішінде еуропалық қайта құру және даму банкі де бар.

Бекжан Толыбай, Шымкент әлеуметтік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары:

Егер біз биыл инфроқұрылым бойынша құрылыс жұмыстарын бастасақ, қаржы институттары да біздің клиенттерге қаржы беруге дайын. Болып отыр. Олардың ішінде еуразиялық қайта құру және даму банкі де бар.

Айтып өту керек, бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жағынан Қазақстан өзге елдерге үлгі бола алады. Оны шетелдік мамандар да мойындап отыр. Енді тек мүмкіндікті пайдалану қажет.      

Вифель Хольгер, ЕҚДБ-ның Қазақстан мен монғолия бойынша өкілі:

Өткен жыл біздің ұжым үшін табысты болды. Көптеген бірлескен жобаларға қол қойдық. Сәтті жобаларда жүзеге асты. Осы орайда айта кету керек Қазақстан кәсіпкерлерді қолдау жағынан әлемде көш бастап отыр.

Орта Азиядағы агроөнеркәсіп секторын қолдауды көздеген шара енді көрші Қырғыз елінде өткізу жоспарланып отыр.    

Мақсұт АЙТЖАНОВ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...