ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Оңтүстік биыл алғаш рет 3 мың тонна ет экспортталмақ

11:30, 27 ақпан 2015

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары биыл өңірдегі етке деген сұранысты толығымен қанағаттандырып, 3 мың тонна ірі қара мал етін экспорттауды жоспарлап отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары биыл өңірдегі етке деген сұранысты толығымен қанағаттандырып, 3 мың тонна ірі қара мал етін экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл «2011 жылы қолға алынған «Cыбаға» бағдарламасының жемісі» - дейді мамандар.

Өйткені соңғы үш жылда аталмыш бағдарлама бойынша, облысымзда 30 мыңнан астам ірі қара сатып алынған. Бұл белгіленген межеден әлдеқайда артық.

2011 -2015 жылдарға арналған «Сыбаға» бағдарламасының биыл соңғы жылы. Яғни өткен 4 жыл бойы аталмыш жоба бойынша өңірімізге асыл тұқымды ірі қара сатып алынды.

Бұл жұмыс биылда өз жалғасын табады. Бірақ, осы жылы бағдарлама бойынша қаржы алғандар ет экспортының әлеуетін арттыру керек. Бүгінде осы бағыт бойынша жұмыстар қолға алынған.   

Полатбай Тастанов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Экспорттың әлеуетін арттырғанда бізге биылғы жылға межеміз 3 мың тонна етті экспортқа шығаруымыз керек. осы 3 мың тоннаның көлемінде жұмыс жасап жатырмыз. үкіметтің тарапынан 700 тонна, ал біз 3121 тоннаға тапсырма беріп отырмыз. Оған толық мүмкіндік бар.

Осы жоспар негізінде көрші елдермен келіссөздер жүргізіліп жатқанға ұқсайды. Ол, үшін үміткерлерден арнайы топ құрылыпты. Олар, дұрыс мәмілеге келетін болса, арнайы меморандум түзілетін болады.

Ал, көрші елдегілердің көзін жеткізу үшін алдын ала 175 бас ірі қара сойылу үшін Өзбекстанға жіберіліпті.

Полатбай Тастанов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Күні бүгінге әзірге 175 бас малды тірідей жібердік мынау Өзбекстанға. Алдағы уақытта соны мемлекет тарапынан көмек болса, оңды ықпал жасағандай жағдай болса, жұмыс жүретін шығар. Содан кейін дұрыс мәмілеге келетін болса, меморандумға отыратын боламыз..  

Осы жұмысты одан ары қарайда жандандыру үшін бүгінде өңірімізде өзгеде жобалар қолға алыныпты. «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары бойынша да мал басын көбейту мен асылдандыру бағыты шеңберінде жұмыстар жүргізілуде.   

    

Мақсұт АЙТЖАНОВ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...