ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Үздік салық төлеушілер марапатталды

11:30, 12 наурыз 2015

Салық - өркениет үшін жасалатын төлем. Оның қандай түрінен болмасын, жалтаруға жол бермеу – бүгінгінің басты мәселесі.

Осы орайда облыстық мемлекеттік кірістер департаменті «Үздік салық төлеушілерді» марапаттады.

Шараның нәтижесі айқын. Сала мамандары бизнес өкілдерін ынталандыру арқылы кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы өз міндеттеріне жауапты қарайтынына сенеді.

Дер кезінде төленген салық - кәсіпкерлердің бизнесті адал, ашық әрі  сауатты жүргізуіне ықпал етеді. Патент негізінде арнаулы салық режимі.

Оңайлатылған декларация. Акциздер, шетелдік компаниялар. Жер қойнауын пайдаланушылар. Бас-аяғы 22 аталым бойынша жеңімпаз атанған үздіктердің  ел алдында абыройы асқақтады.

Ғалымжан Орынов, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

Өздеріңізге белгілі мынау үш сала бірігіп, бүгінде осы салықтың орынды төленуіне, және көлеңкелі бизнестің тамырына балта шабуға басымдық беріп жатырмыз....

Оңтүстікте 200 мыңнан астам кәсіпкер бар. Жалпы, өңірлік өнімнің 40 пайызы шағын және орта бизнес өкілдерінің үлесіне тиесілі.

Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Республика бойынша шағын кәсіпкерліктің жалпы мемлекет табысындағы үлесі 25 пайызға тең. Ортақ қазанның ортаймауына өзіндік үлесін қосқан теріскейлік кәсіпкер Бәйкен Әметжанов та үздіктердің қатарынан көрінді.

Байкен Әметжанов, кәсіпкер:

Аудандық және облыстық кірістер департаментіне рахмет айтамыз. Еңбегімізді елеп ескеріп марапаттап жатыр. Салықты бұдан былай да уақытында төлейміз деп уіде береміз...

Салықтық жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды элементі. Ол-мемлекеттің шаруашылық дамуына әсер ететін маңызды құрал.

Салықтан жалтарғаның – халыққа қырын қарағаның. Бүгінгі басқосуда марапаттталған кәсіпкерлердің көпшілігінің ортақ тәмсілі осы.

 

Гүлсанат ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...