ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Электр энергиясының тарифтері төмендетілді

11:30, 13 наурыз 2015

Сәуір айында наурызда тұтынылған электр энергиясына түбіртіктердегі шот төмендетілген тариф ескеріле отырып, беріледі деп күтілуде.

Тұтынушыға жағымды жаңалық. Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті аумақтық департаменттерінің бастамасымен электр энергиясына деген тарифтер төмендетілуі мүмкін.

Бұл бойынша тиісті ведомства энергия беруші ұйымдармен қоянқолтық жұмыс істеуге әзір.

Айта кетейік, жарық беруші мекемелер әр жылдың басында бағаны көтереді. Бұл тосын жаңалыққа көпшіліктің еті үйреніп те қалған. Мамандардың айтуынша, соңғы бес жыл ішінде тариф құнын 10 пайызға қымбаттатып отырған.

Қазір  «KEGOC» АҚ-ның тарифтері төмендетілмек.  Сәуір айында наурызда тұтынылған электр энергиясына түбіртіктердегі шот төмендетілген тариф ескеріле отырып, беріледі деп күтілуде. 

Гүлмира Жексембаева, облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бөлім басшысы:

Бағаны төмендету бойынша жұмыс 2 кезеңмен өткізілетін болады. 1-ші кезеңде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның бағаларын 8,80 теңгеден 8,65 теңгеге арзандатуы себепті  электрмен жабдықтаушы ұйымдардың түпкілікті бағасы төмендетіледі.

 

Гүлмира ОҢЛАСБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...