ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Тоқыма өнеркәсібі жанданды

11:30, 1 сәуір 2015

Осыған дейін мақтаны тек өсірумен ғана айналысып келген облысымызда бұл күндері жіп иіріліп, мата тоқылады.

Енді киім де тігіліп жатыр. Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы тігін фабрикасы шығарып жатқан ерлердің костюм-шалбары бүгінде нарықтағы бәсі жоғары отандық өнімге айналды.

Осыдан бір жыл бұрын мемлекеттік қолдаудың арқасында ашылған кәсіпорында бүгінде 100-ден астам қыз-келіншек жұмыс істейді.  

Фабрика ашылар тұста Сайрам ауданының бірталай азаматы  «Жұмыспен қамту» бағдарламасы  бойынша қайта оқып, кәсіп меңгеріп шықты. Солардың бірі - Сәуле Парманова. Қолы епті келіншек қазір фабрикада тігінші болып жұмыс істейді.

Сәуле Парманова, тігінші:

Түрік технологиясы дегені болмас, ешбір шетелдің костюм-шалбарынан кем емес. Осы бұйымды Қазақстанда өз қолымызбен тігіп шығарғанымызды мақтан етеміз.

Фабрика өнімі «Алтын адам» сауда белгісімен танымал. Қазір мұнда күніне 300 костюм-шалбар тігіледі. Тұтынушылардың талғамы мен нарықтағы сұранысқа қарай киімдердің матасы мен сән үлгілеріне  айырықша мән беріледі.

Озық технологияны меңгеру үшін мамандар Италия мен Түркия секілді тоқыма өнеркәсібі дамыған елдерге бары тәжірибе жинақтап қайтады. Мұның барлығы отандық өнімнің бәсекеге лайықты болуы үшін жасалып жатқан істер.  

Балжан Қалмұрадова, фабрика директорының орынбасары:

Базарлармен жұмыс істеп жатырмыз қазір. Сұраныс болып жатыр. Сапасы жоғары екеніне көзі жетіп жатқан жағдайы бар. Халық енді үйреніп жатыр.

Базар жағаламастан  фабрика жанынан ашылған арнайы дүкенге келіп жатқандар да баршылық. Солардың бірі - Рахматулла Икрамов. Сауда орнына осымен екінші рет келіп тұр. Өйткені, таңдау көп. Сапасы жақсы.

Рахматулла Икрамов, тұтынушы:

Бірінші рет емес, өткенде алғаным жүдә ұнады маған. Шетелдің костьюм шалбарынан қалыспайды. Одан жақсы, бірақ кем жері жоқ. Бағасы төмен.

Кәсіпорын енді екі ауысыммен жұмыс істеуге көшкелі жатыр. Жуырда оқушыларға арналған мектеп формасын тігуге тапсырыс алды. Өндіріс қуаты артатын болған соң жұмыс орны 300-ге  дейін ұлғаймақ.

 

Сымбат БАЙМЫРЗАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...