ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Оңтүстіктен биыл 3 мың тонна ет өнімі шекара асады

11:30, 2 сәуір 2015

Аграрлы аймақта енді ет экспортының әлеуеті артпақ.

Облысымызда бұйыртса, биыл 3 мың тонна ет өнімі шекара асады. Бүгінде осы бағыттағы жұмыстар қарқын алған.

Өңірде өндірілетін еттің 8-10 пайызын шығаратын Төлеби ауданы да осы жаңалықтан жақсылық күтіп отыр. Аудандағы мал бордақылау алаңдарының аумағы кеңейтілуде. Солардың бірі – «АДС-агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Экспортқа үлес қосуды көздеген серіктестік жұмысы жайлы тілші тарқатады.       

 2012 жылы жұмысын бастаған серіктестік қорасында бүгінде 1700-ден астам ірі қара бар. Айлық қуаттылығы - 100 тонна. Бұл өткен жылғыдан біршама артық. Былтыр нақ осы серіктестік 900 тонна ет өнімін өндірген. Биылғы жоспар 300 тоннаға көп. 

Тастанәлі Үмбетәли, «ADS AGRO» ЖШС-нің есепшісі:  

жыл соңына дейін 1200 тоннадай ет өндіруге мүмкіндігіміз бар. Әрине, ол біздің тапсырыс берушілерге де байланысты болып тұрады. Жалпы алғанда, айлық өнімділігіміз 90 тонна мен 100 тоннаның арасында. Мүмкіндігіміз бар.

Бүгінде 67 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған серіктестік осыған дейін өз өнімдерін Алматы, Қызылорда, Тараз және Шымкент базарларында саудалапты. Енді шетке экспорттауға мүмкіндік алып отыр. Кәсіпкерлік нысаны көкжиегін кеңейтеді деп күтілуде. Егер шеткі нарықтағы баға қанағаттандырса, отандық өнім шекара асады.  

Сержан Дүйсенов, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары:

Біздің ауданымызда екі ірі шаруа қожалық бар. Бірі - АДС агро ЖШС 1700 бас ірі қара мал бордақылап отыр. Былтырғы жылы олар 59 млн 516 мың субцидия алды. Енді олар 2000-ға көбейтуді жоспарлап отыр. Егер нарыққа тура келетін болса, экспортқа шығармақшы.  

Негізінде Төлеби ауданы бойынша 174 мал бордақылау алаңы бар. Оларда бір кезеңде 4 мыңға тарта мал сойылады. Бұл - өңірде өндірілетін еттің 8 пайызы. Биыл осы қарқынды еселеу жоспарланған.

Бахытғали Жакипов, Төлеби ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы:

Жалпы облыс бойынша өндіріліетін еттің біздің Төлеби ауданында өндірілген еттің үлесі 8 пайызды алады. Енді жылма жыл мал бордақылау алаңдарын көбейіп жатқанына қөарай енді 10 пайызға жеткіземіз бе деп жатырмыз.

Санмен қатар, сапаға да айрықша көңіл бөлінуде. Осы жылы аудандағы мал басын асылдандыру бағытында біршама жұмыстар қолға алынған. Яғни, олардың да нәтиже берер сәті жақын.

 

Мақсұт АЙТЖАНОВ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...