ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Күн электр станциясы электр қуатын тарата бастады

13:30, 3 сәуір 2015

Күн электр станциясы.

Сайрамдағы жаңа серіктестік өткен айдан бастап, тасымалдаушы - «Оңтүстік Жарық Транзит» арқылы «Кегок» АҚ компаниясына қуат көзін  таратуда. 

Әр квт-ы 34 теңге 61 тиыннан босатылып жатыр. Бұл - электр қуатын сырттан тасымалдайтын біздің ел үшін үлкен көмек.

Бұл күн электр станциялары өткен жылдың соңында орнатылған болатын. Барлығы - 4 160. Әрқайсысында 40 данадан 104 секция бар. Тәулігіне 190 квт-қа дейін қуат көзін өндіруге қауқарлы станция жылына 1 млн 450 мың квт  электр жарығын шығарады. Яғни, 60 пәтерлі 50 үйді жарықпен қамтамасыз етеді.

Марат Танабаев,  «Ақсу-энергия» ЖШС-нің бас директоры:

Бұл біздің оңтүстік өңірде күннің зениттік шеңберіне көтерілгеніне байланысты, жылдың әр мезгілінде ір түрлі өндіреді. Мысалы, айтатын болсақ, қазан айынан бастап, қазан айына дейін бір айдан 60 мыңнан 80 мыңға дейін қуат көзін өндірген.

Құрылғылар Қытайдың «ШИНТ» компаниясынан әкелінген. Өндірілген қуат көзін реттеп, трансформаторға жіберу осы қондырғыларға байланысты. Бұл үшін адам күшінің қажеті жоқ.

Марат Танабаев,  «Ақсу-энергия» ЖШС-нің бас директоры:

Мұның аты инвертор деп аталады. Мұның біреуі 500 квт, екеуі бір мгбт. Солнечный панельден өндірген электр энергияның барлығын комбайн бокс деген оборудование арқылы әкеліп, «Оңтүстік-Жарықтың» трансформаторына сәйкестендіріледі.

Бұл - экологиялық таза өнім. Табиғатқа, не болмаса, адамға еш залалы жоқ.  10 см-ге дейін түскен қарды өзі ерітеді.  Жарамдылық мерзімі  25 жылға дейін. Айта кетейік, осы құны қымбат құрылғыларға кеткен шығын жеті жылдан кейін өтеледі екен.

 

Гүлмира ОҢЛАСБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...