ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«Қазақстанның халық банкі» бөлшек сауда қызметінің желісін кеңейтті

18:00, 15 сәуір 2015

Тұтынушылардың игілігі үшін 90 жылдан бері табысты қызмет атқарып келе жатқан «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Шымкентте тағы бір бөлімшесі ашылды.

Енді жергілікті тұрғындар банк ұсынатын қызметтерді кеңейтілген түрде пайдалана алады. Жаңа бөлімше банктік терминал және Nemo Q электрондық кезек жүйесі бойынша қызмет көрсетеді.

Жаңа бөлімше Қонаев көшесі бойында тұратын тұрғындардың өтінішімен ашылды.  Жалпы аумағы 800 шаршы метрден асатын  ғимаратта есеп айырысуға арналған 8 кассалық бөлме жұмыс істейді.

Ал, жеке тұлғаларға несие беру,  салымдарды қабылдау және аударым операцияларын жүргізу үшін  12 менеджер сапалы қызмет көрсетеді. Қаржылық топтың жетекшілері бөлшек сауда қызметінің желісін кеңейту арқылы тұтынушылардың сенімін арттыруды көздейді.

Айжан Досымбекова, «Қазақстан халық банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:  

Қазақстан Халық Банкінің басшылығы банктік қызмет көрсету сапасының арттыруына ерекше назар аударады.

Айта кетейік,  бір Шымкенттің өзінде 245 мың зейнеткер Халық банкінің қызметін қолданады. Солардың бірі-Әсия Нұртаева. Қонаев көшесінің тұрғыны үйінің маңынан банк бөлімшесі ашылғанына қуанышты.

40 жыл мұғалім болып еңбек еткен зейнеткер 15 жылдан бері тек осы банктің көмегіне жүгінеді. Халық банкі ұсынатын қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына көңілі толады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жаңа бөлімшесі зейнетақылық, сақтандыру, лизинг және активтермен басқарудың  кеңейтілген қызметін ұсынады. Бөлімшедегі 23 менеджер айына 10 мыңнан астам клиенттің сұранысын қанағаттандырмақ.

 

Саттар ЕСІМБЕКОВ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...