ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Кентауда индустриалды аймақ құрылмақ

18:00, 10 маусым 2015

Кентауда индустриалды аймақ құрылады.

Бұл мақсатқа кент аумағынан 41,7 га жер телімі бөлінді. Қазір мұнда қызу тірлік басталып кетті. Бірнеше кәсіпорынның құрылысыда қарқын алған. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен келелі жиында айтылды.

Аталмыш аймақты электр қуатымен қаматамасыз етіп, су құбырларын жүргізу ісі біршама жолға қойылды. Кәріз жүйесі мен байланыс орнату мәселесі де шешімін тапқан.

Жобалық сметасы дайын. Аймақта  7 жоба іске қосылады деп күтілуде. Жалпы құны - 28 млрд. 426 мың теңге. Сондай-ақ,  200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Демек, екі қолға бір күрек іздегендердің қарасы азаяды.

Бердібек Жаңабаев, «Оңтүстік» индустриалды аймағын басқару компаниясы директорының орынбасары :

Себебі ол жерде индустриалды аймақ салынып жатыр. Аймақтың құрылысы биыл қараша айында бітеді. Ол аймақта қазір 3 завод салынып жатыр. Оның алғашқысы трансформатор, екіншісі асфальт заводы, үшіншісі шешімі әлі жоқ. Бірақ тапсырыс беріп қойған.

Бүгінге дейін Түркістан мен Созақ ауданында құны  1,33 млрд. теңгені құрайтын индустриалды аймақ жұмысын бастап кетті. Облыстың бірнеше ауданында да осы секілді жоба қолға алынбақ. Бұл үшін 1053 га жер телімі бөлінген.

Бердібек Жаңабаев, «Оңтүстік» индустриалды аймағын басқару компаниясы директорының орынбасары:

Индустриалды аймақ жалғыз Кентау қаласында емес, облыс бойынша 7 ауданда салынып жатыр.  Және Шымкент қаласының өзінде 2 жерде салынады. Біреуі Тассай, екіншісі Бадам индустриалды аймағы.

Жиында моноқалаға серпін берер мәселелер көтерілді. Жүйелі жобалардың жөн-жосығы айтылды. Алға қойған жұмыстар қайта пысықталды.

 

Гүлмира ОҢЛАСБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...