ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Кәсіпорынның қуаттылығы артты

13:30, 12 маусым 2015

Индустрияландыруға негізделген экономикалық өсім - Ұлт жоспарынан туындаған «100 нақты қадамда» ерекше маңыз берілген міндет.

Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру картасының  аясында іске қосылған ірі зауыт тәулігіне 500 тонна битум шығаратын қуатылыққа жетті. Мұндай көлем еліміздің Оңтүстік өңірлерінде салынып жатқан жол құрылысына қажет битумның жартысынан астамын қанағаттандыра алады.

Қазір зауытта  битумның Оңтүстіктің күн райына лайықталған екі түрі шығып жатыр. Дайын өнімнің  сапасы арнайы зертханада жіті тексеріледі. Ақмаржан осында былтырдан бері жұмыс істеп келеді. Арнайы қондырғылардың көмегімен дайын өнімнің созылғыштығын, балқу температурасын әр сағат сайын сараптамадан өткізеді. 

Ақмаржан Аңламасова, зертхана қызметкері:

Қазіргі шығарып жатқан маркамыз БМ90/60 деп аталады. Ол -10 градустан +47 градусқа дейінгі ауа райына төтеп береді.

Зауыттағы жұмыс жаңашыл технологияға  құрылған. Шикізат бұрынғыдай беті ашық бетон астаушалармен тасымалданбайды. Темір құбырлар үнемі ыстық бу арқылы бірқалыпты жылылықты сақтап тұрады. 

Зауыт басшылығы мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, ендігі жерде өндірісті автоматтандыруды жоспарлап жатыр. Нәтижесінде өнімі көлемі артады. Техникалық сипаттамасы бойынша  әлемдегі ең жоғары стандартқа сай битум өндірісі жолға қойылады.

Виктор Бондарь, зауыттың бас инженер-технологі:

Егер жоғарыдағы басқарушы компаниямыз мақұлдаса Германиядан технологиялық жағынан аса мықты қондырғылар сатып алсақ деген ойымыз бар.  Ол кезде шығаралатын өнім көлемі екі есеге артады. Демек  еліміздің Оңтүстігіндегі Алматы, Жамбыл, Қызылорда және ОҚ облыстарындағы жол құрылысына қажет битум толығымен өзімізде шығарылады.

Зауыттың іске кірісуі жол құрылысы компанияларын шетелдің битумына деген  тәуелділіктен арылтты. Тек былтырдың өзінде Оңтүстікте 267  шақырым жолға асфальт төселді. 16 көпір және жаяу жүргіншілерге арналған   жерас­ты өткелі салынды.

 

Мақсұт АЙТЖАНОВ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...