ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ДСҰ бәсекелестікті арттырады

18:00, 24 маусым 2015

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу - күллі Қазақстанның жеңісі.

Бұл бастама әсіресе, жаһандық экономиканы дамытудың тетігін білетін кәсіпкерлердің жігерін шыңдамақ. Оңтүстіктіктегі индустриалды аймақта орналасқан көп кәсіпорынның бірі   «Spirit-Қазақстан» ЖШС-і де жаңалықты жатсынбай қабылдады.

Өндіріс орны сусын және шөлмек қақпақтарын шығарады. Зауыт қазір толық өндірістік қуатымен жұмыс істеп тұр. Алайда, сұраныстың аздығы - нарықтағы қолбайлау.

 «Spirit-Қазақстан». Өндірісі өркен жайған кәсіпорын өз жұмысын 2012 жылы бастады. Жобаның құны – 689 млн. теңге.  Зауыт қуаттылығы жоғары.  Жылына 691 200 дана жәшік, 27 648 000 дана қақпақ өндіреді.

Владислав Робане, «SPIRIT-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС-нің аға инженері:

Қақпақтың қырық түрін шығарамыз. Тапсырыс берушінің қалауын орындау — біздің басты міндетіміз. «Гуал» стандарты бойынша жасалатын тауарларды шығару оңай емес. Десе де біз осы міндеттерді ойдағыдай атқаруға тырысып, маусым кездерінде аптасына 1 миллион 200 мыңға дейін шөлмек қақпағын шығарамыз. Бұл — өте мол өнім.

Иван Лайвендор кәсіпорын ашылғалы жұмыс істейді. Өзі Көкшетаудың тумасы. Кәсіби маман Көкшеден басшылықтың арнайы шақыртуымен келген. Өз ісінің білгір маманы отандық өндірістің өркендеуіне өз үлесін қосқанына қуанады. 

Иван Лайвендор, көркемдеу цехының жетекшісі:

Шикізат арнайы көлемде құйып шығарған соң,  автоматтандырылған заманауи  аппараттар  солардан қақпақтың түрлі бөлігін дайындауға кіріседі. Одан кейін қақпақты сәндейміз. Алтын, күміс түсті жылтыр қағаздармен көрік беріп, тапсырыс берушінің қалауын орындаймыз...

Қазір зауыттан шыққан полипропилен өнімдері еліміздің барлық аумағына таратылуда.  Шөлмек қақпақтарына деген сұраныстың ауқымды бөлігін қырғыздар өтеп жатыр. Бұған дейін, Шымкенттен шыққан шөлмек қақпақтар Ресей нарығына да жол тартып келді. Алайда, Ресей рублінің құнсыздануы-зауыт өндірісіне әсер етпей қоймапты.  

Владислав Робане, «SPIRIT-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС-нің аға инженері:

Біздің қазіргі шығарып отырған өнімдеріміз сұраныстың аздығынан қоймада қатталып қалып жатыр. Әлемдік дағдарыстың салқыны бізді де айналып өтпеді. Елдегі сусын өндіретін зауыттардың көпшілігі  өздеріне қажетті шөлмек қақпақтарын Ресейден тасымалдап жатыр. Ал, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біз үшін зор қуаныш. Өйткені, біздің өндіріп жатқан тауарымыз бәсекелестікке төтеп бере алады. Әрі мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек те көбейеді деп сенеміз.

Зауыт тәулік бойы жұмыс істейді. Жабдықтар  Корея, Италия, Британ елдерінен әкелінген. Шикізат та шекара асып, шетелден тасымалданады.

Кәсіпорын шөлмек қақпақтары мен ауылшаруашылығына қажетті жәшіктерді шығаратын еліміздегі жалғыз өндіріс орны. Жаһандық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өтті. Сондықтан, отандық өндіріс орны істің ілгерілеп, қанатын кеңге жаятын күннің  алыс еместігіне нық сенімді.

 

Гүлсанат ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...