ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«Казкиото» - қандай трактор?

18:00, 3 шілде 2015

Елбасының қатысуымен өткен кешегі телекөпір кезінде облысымызда трактор құрастыру зауыты іске қосылды.

Жалпы құны 40 миллион АҚШ доллары болатын инвестициялық жоба Оңтүстік Кореялық «Киото» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Өндіріс орнында 400 адам жұмыс істейді.  Кәсіпорын жылына 5 мың  трактор шығаратын қуаттылыққа ие.

Зауыт жұмысшыларының біразы Оңтүстік Кореяда бір ай бойына шетелдік мамандардан  тәжірибе жинақтап қайтты. Солардың бірі - Тахир Нариманұлы. Қазір құрастыру цехына жетекшілік етеді. Бөлшектердің дұрыс жинақталуын жіті қадағалайды. Білікті маман отандық техниканың  біраз артықшылыққа ие екенін айтып отыр.  

Тахир Нариманұлы, құрастыру цехының жетекшісі;

4ВД. Батпақты жерге түскенде алдын да қосса болады. Сондай айырмашылықтары бар. Ішінде салқындатқыш, аммортизатор. Жүргізушіге өте ыңғайлы.

«Казкиото» таңбасымен шығатын тракторлар үш түрлі. Күш қуатына қарай 60,80 және 100 деп бөлінеді. Техниканың негізгі тетіктері әзірге шетелден тасымалданып жатқанымен келешекте оған қажетті бөлшектердің барлығы осында жасалады. Ол үшін зауыт жанынан темірді балқыту, құю цехы жасақталады. Инженерлік-конструкторлық топ жұмыс істейді. Сондай-ақ, резеңке доңғалақтар шығаратын кәсіпорын салынады.

Трактор тіркемелері де шығарылады

Зауыт келешекте тек трактор құрастырумен ғана шектелмейді. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына қажет соқа, тырма, жер тегістейтін агрегаттар секілді тіркемелер де жасап шығаратын болады. 

Әсет Қалмаханұлы, зауыттың менеджері;

Конструкторлық бюро соғып жатырмыз. Ол Қазақстанда екі-ақ жерде бар. Астанада және Алматыда. Шымкенттегі бюроның ерекшелігі біздің  цехымыз осында болады. Жасаған барлық эскиздерімізді осында құйып, жасаймыз.

Жылына 5 мың трактор құрастырылады

Зауыт биыл жыл соңына дейін 600 трактор құрастыруды көздеп отыр. Оған аймақтық инвестиция орталығынан, «Қазагро» мен жекелеген шаруа қожалықтарынан тапсырыс бар.

 

Әйгерім ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...