ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Қазақстан технологиялық модернизациялауға дайын болуы керек

11:30, 7 шілде 2015

Қазақстан технологиялық модернизациялауға дайын болуы керек.

Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев күні кеше өткен Индустрияландырудың екінші бесжылдығына арналған телекөпірде мәлім етті. Жаңа өндіріс адам еңбегін қажетсінбейтін салаға бет бұратын болса, ел экономикасын нендей өзгерістер күтеді?

Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын іске асыру үшін Үкімет пен аймақ басшыларына бірлесе тер төгуге тура келеді.

Және бірнеше бағытты басшылыққа алу қажет. Солардың бірі - кез-келген өндіріс ендігіде жаңа сипатта дамитын болады. Ғылым мен техникада озық ойлы кадрларға екпін беріледі.

Бұл ретте облыстық мәслихаттың депутаты, оңтүстіктегі іргелі оқу орнын басқарып отырған Оңалбай Аяшев: «Елбасының осы ұсынысы Қазақстанды  көші ілгері біраз елдің қатарына қосады», - дейді.

Қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін ұқыпты өндіріс, автоматтандыру, технологиялық желілерді модернизациялау керек. Демек, адам еңбегін көп қажетсінетін салалар біртіндеп азаяды.

Халық қалаулысы бұған да пайымды пікірін білдірді.Техника мен технологияның түп төркіні саналатын – Кореядан Қазақ елінің еш кем тұсы жоқ.Тек еңбек. Талмай тер төккенде ғана талай инновацияға толы идеялар іске асады.

Сонымен, жаңа өндіріс,  жаңа белес жаңа екінші бесжылдық. Біліммен қаруланған қазақ баласы ертеңі үшін бүгін қамданса, осы үш ұғым ұлық мәнге ие болады. Телекөпірде айтылған түйін сөз де осыны меңзейді.

 

Гүлсара ТҰРАРБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...