ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«Құртафелло» - Қазақстандағы жаңа бренд

18:00, 14 шілде 2015

«Құртафелло» - Қазақстандағы жаңа бренд

«Рафаэлло». Жоқ, олай емес екен. "Құртафелло".  Қазақстанда жаңадан пайда болған брендтің атауы осы. Бұл тауар белгісін әдеттегідей шымкенттік тапқыр ару ойлап шығарды. Айнаш Убайдуллаева. Отандық өнім, ұлттық тағамның шын жанашыр, шынайы тілекшісі осы қыз.

Жас болса, талай іске бас бола алатын Айнаш 2009 жылдан бері  қымыз сатумен айналысады. Сүт өнімдерінің барлық түрін көпшілікке ұсынатын ол құр сауда жасап қоймай, жаңалық ашуды жөн көрген.

Өнімнің бұзылатын, бұзылмайтын, сақталатыны бар, бар қырын таразыға салады. Тоқтам құртқа келді. Ерекше қораптың дизайнын өзі сызып, оған атау да қойып үлгерген. «Құртафелло». Бұл – қазақстанда жаңадан пайда болған брендтің бірі.

Айнаш Убайдуллаева, жас кәсіпкер;

Жұмыстан кейін қалып іздендім.  Қалай қызықтыруға болады екен адамдарды деп.  Мұндай қызығушылық болады деп ойламадым. Негізі тұтынушы керек болды. Содан басталды.

Құрттың саудасына осылайша жұрттың назарын аударғысы келген кәсіпкер авторлық құқық жөнінде Астанадағы мамандармен кеңесіпті. "Құртафелло" тауар белгісін тіркеп, қазақтың құртын көпшілікке жаңаша атаумен ұсынып келеді.

Айнаш Убайдуллаева, жас кәсіпкер;

Аты айтып тұрғандай made in ауыл. Осы Оңтүстік Қазақстан облысының айналасындағы бүкіл ауылдардан аламыз. Қай жерде жақсы құрт десе сол жерден аламыз.

Әзірге, кәсіпкер қорапты күн сайын 20 данамен ғана шығарады. Бағасы 60-тан бастап, 150 теңгеге дейін түсіп кетеді білем. Құртқа қарағанда қораптың қымбатқа түсуі, арнайы қағаз қиятын аппараттың жоқтығынан.

Ал, «Құртафелло» - ның  бір қорабы орташа есеппен – 250 теңге. Ұлттық брендке айналдыруды көздеген кәсіп иесі келешекте шет елден арнайы қорап жасайтын қондырғы алдырмақ.

 

Камила МӘУЛЕНҚЫЗЫ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...