ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«Қазақстан даму банкі» 22 жобаны қаржыландырмақ

18:00, 15 шілде 2015

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішевпен кездесті.

Екі жақты өткен кездесуде экономика өсімін арттыруда қосымша резервті анықтау мәселелері талқыланып, қаржыландырылуы тиіс жаңа инвестициялық жобалар сараланды. Қос тарап 617,5 млрд. теңгенің 22 жобасын іске асыру үшін өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Жиында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен сөз болып, экономиканы өрге сүйрейтін жаңа жобалардың таныстырылымы өтті. Қаржы институтының басшысына алдымен, Шымкент қаласындағы әуежайды жаңғырту жобасы ұсынылды.

Былтыр Шымкенттегі әуежай 420 мың жолаушыға қызмет көрсеткен. Жолаушылар ағыны таяуда 30 пайызға артады деген сенім бар. Тартымды таныстырылым «Молочный рай» ЖШС-не қатысты болды. Сүт-тауарлы фермасы 1000 бас асылтұқымды мал асырайды. Заманауи сүт өндеу зауыты да салынады.

Ал, «Амир А» ЖШС-гі металлургиялық зауыты қос таврлы және үлкен өлшемді швеллер бұйымдарын өндіруді көздеп отыр. Жобалармен мұқият танысқан «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев осы жобалардың әрқайсысы да ұйымның мақсат-мүддесіне сай келетініне тоқталып, қаржылай қолдау көрсетуге болатынын айтты.

Басқарма төрағасы Кентау трансформатор зауытының қуаттылығы 110-120 Квт трансформаторлар шығару желісін ұлғайту, «Оңтүстік» индустриалды аймағы» дирекциясының газды өңдеу арқылы электр энергиясын өндіру, «Назар текстиль» ЖШС кілем фабрикасының ІІ-кезеңін жүргізу, Түркияның «Каланча» компаниясымен бірлесе джинсы матасын шығару, «Шымкентмай» АҚ өндірістік кешенін жаңғырту секілді жобалармен де танысып, олардың бизнес-жоспарлары ұйым мүддесіне сай болса қаржыландыруға дайын екендігін мәлімдеді.

Ал, Қасқасуда тау-шаңғы курортын жүргізу, гранулалық пропилендер мен жоғары октанды бензин өндірісіне қажетті метилтретбутилды эфир өндіру, сары фосфор мен фосфор қышқылын шығару, желден электр энергиясын өндіру, радиаторлар өндірісін қолға алу сынды жобалар бойынша бизнес-тәуекелдер нақты есептеліп, жобаның коммерциялық құндылығы мен одан түсетін пайда дұрыс айқындалуы керек деді.

Мұнан бөле, Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен «Стандарт цемент» ЖШС цемент зауытын қайта жаңғырту жұмыстарымен және Шымкент қаласында салынып жатқан сауда-логистикалық орталығында «Continental Logistics» ЖШС-нің қойма кешендерімен танысты.

 

Әйгерім ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...