ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Отандық өнім шетелге тәуелділіктен арылтады

18:00, 15 шілде 2015

Барлық аудандарда бой көтерген кәсіпкерлер мектебі оң нәтиже беруде.

Азаматтардың бірі бұл мектептер арқылы өз кәсіптерін одан әрі дамытып жатса, ендібірі жаңа кәсіптің көзін тапқан. Мақтарал ауданындағы кәсіпкерлер мектебінің түлегі - Умида Айтматованың ісі көпке үлгі.

Умида Айтматова бұған дейін тігіншілікті кәсіп етті. Жылыжай ісіне білек сыбана кіріскелі тасы өрге домалап, табысы молайған. Көкөністерінің көктеп-жайқалуы тамшылатып суару әдісінің арқасында. Бүгінде ауыл тұрғындарын табиғи өніммен қамтып отыр. «Бұл кәсіпті игеруіме  «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» алған дәрістер түрткі болды»,-дейді кәсіпкер.

Умида Айтматова, кәсіпкер;

 Мен негізгі мамандығым тігіншілік. Биыл кәсіпкерлік несіне барып, осы 2020-бағдарламасымен оқыдық. Сол жерде оқығанда осы теплицаға қызығып, өзім теплица құрмақшы болдым. Бірақ, сыртын қура алмағаныммен осы ішіне егіп, әйтеуір бастадым өзімнің күшіммен. Өнімін уже мен алып жатырмын, 30 мыңдай расход қылдым. Қазір 1 ай болды теріп жатқаныма. Шығарған расходымды алдым.

Кәсіпкерлікті дамыту – елде жұмыссыздықты азайтып, халықтың әлеуетін түзетудің тиімді жолы. Осы мақсатта атқарылып жатқан оң істер мен мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар да аз емес. Кәсібін бастаймын деушілерге барлық жағдай жасалған. Арнайы ғимараттарда білікті мамандар кеңес береді.

Нұрлыбек Бахтияров, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» Мақтарал аудандық филиалының директоры;

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Мақтарал аудандық филиалы ашылғалы бері, жыл басынан бері 296 азаматты оқыттық. Біз оқытқан азаматтарымыз әрқашан да назардан тыс қалмайды. Сол кісілермен тығыз қарым-қатынаста болғымыз келеді, ол кісілердің ары қарай да жұмысының жанданып, ары қарай мықты бизнесті қолға алып кетуін қадағалап отырамыз.

Мақтарал – мақтаулы өңір. Мұнда жеке шаруасын ашып жатқан азаматтардың қатары күн санап артып келеді. Бұл көп ұзамай шет елден келетін көкөніс тәуелділігінен құтыламыз деген сөз.

 

Дидар ӨМІРЗАҚОВА 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...