ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Бюджеттің кіріс бөлігі таразыға түсті

18:00, 18 шілде 2015

Отырар ауданы мен Ордабасы аудандарының Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

БАҚ өкілдеріне жергілікті бюджетке түскен кірістер жөнінде кеңінен мәлімдеп берді. Мемлекеттік бюджет бойынша Ордабасы ауданында жоспар 106,2 пайызға артығымен орындалған. Аумақта салықтан жалтарғысы келгендер де жоқ емес. Бар. Салық заңнамасын бұзғандарға 2 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынып,   1 млн. 300 мың теңгесі  өндіріліпті. Мүлікті  жария ету  бойынша 6 айда  10 өтініш түскен екен.   Құны 23 млн. теңгенің  4  мүлкі  жария етілген.

Отырар ауданы да  оңды  нәтижеге  қол  жетікізіп  отыр. Мұнда мемлекеттік бюджет  жоспары 130 пайызға артығымен орындалған.  Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып, нәтижесінде   жергілікті бюджетке  204 млн. 654  мың теңге қаржы түсірген.

Бұл басқарманың көп  міндетінің бірі - Мемлекеттік қызмет көрсету. Салық  төлеушінің өтінішін мерзімінде қанағаттандыру.  Ауданда  17,  794  салық төлеушінің   16 277-сі    электронды  қызметті  пайдаланған.  Бұрынғыдай  апталап жүру,  ұзын-сонар кезекке тұру  бізде жоқ,- дейді Мұхит Жуасбай.   

Айтпақшы, жанама салық бойынша Еркін Кеңесбекұлы да есеп берді. Сөзіне сенсек,  жыл басында  жоспарланған  жоспар   147 млн. теңгеге   артығымен орындалған.

 

Нұрлан ӘЛІМБАЕВ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...