ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Ел ырысын еселеген - «Ырыс», мүмкіндігі мол - «Максимум»

18:00, 23 шілде 2015

Түскейлік тұрғындар соңғы 5-6 жылдың көлемінде мемлекеттен несие алып, несібесін арттырды.

Ауыл шаруашылығын қолдау мен ауылдағы ағайынның шаруасын дөңгелетуге  «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс»  мемлекеттік қаржы ұйымы барынша қолдау жасады.

Қос ұйым 2009 жылдан бері  11 мыңнан астам жобаны қаржыландырыпты. Жыл басынан бері атқарылған жұмыс та жемісті. Сала басшылары «Оңтүстік ақпарат» орталығында баспасөз мәжілісін өткізді.

Пайызы төмен, қолжетімді несие. Әрі несие рәсімдеуге немесе қызмет көрсетуге алым ұсталынбайды. Ең бастысы, мұндай жоба тек Оңтүстікте ғана. Мемлекеттің ауыл шаруашылығын көтеру үшін беріп жатқан қаржысын сала-саласымен саусақ бүгіп, санар болсақ, 31, млрд. 6 млн. теңгеге жетіпті.

Соңғы алты айдағы көрсеткіш те жоғары. 2.9 млрд. теңге болатын 778  жоба осы қаржы ұйымдарынан қолдау тапты. Нәтижесінде 31 мың жұмыс орны ашылды. Екі қолға бір күрек таппай жүрген талай жанның мәселесі шешілді.

Қос  ұйымның капитал көзі негізінен облыс қазынасынан қаржыландырылады. Сондай-ақ,  түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы да қазына қоржыны толыға түсуде. Бұл капиталды көбейтудің кепілі емес-мүмкіндігі. Ал, бағдарлама арқылы кәсібін дөңгелеткендердің дені – ауыл шаруашылығы саласында асығы алшысынан түскендер.

Кәсіптің көзін тапқанға табыс та көл-көсір. Әйтсе де, мамандардың айтуынша, қаржы ұйымдары үлестірген ақшаны мақсатсыз жұмсап, сазға отырғандар да бар көрінеді. Қарыздың қайтарымы барын ұмытқандарға аяушылық жоқ. Айыппұл салынады.

 

Гүлсанат ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...