ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Мемлекеттік кірістер артығымен орындалуда

17:21, 24 шілде 2015

Облысымызда мемлекеттік кірістер артығымен орындалуда.

Салықтар мен баж салығы және тағы да басқа қосымша табыс көздерін табу жолында сала мамандары аянбай еңбек етуде. Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының журналистерге берген баспасөз брифингінде осыған көз жеткіздік.

Қазынаның кіріс бөлігін толтырудың қосалқы көздерінің бірі тауарлардың дұрыс сыныпталуы мен кедендік құнға бақылау болып табылады. Бұл бағытта кеденшілер айтарлықтай табысқа қол жеткізіп отыр. Жыл басынан бері жалпы сомасы 1 млрд. 277 млн. теңге қосымша кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді. 2014 жылы 816 млн теңге.

Абдулла Иманберді, мемлекеттік кірістер департаменті тауар номенклатурасы  және кедендік құн басқармасының бас маманы:

Сонымен 2015жылғы қаңтар мен маусым айлары аралығында импортталған тауарларға , ҚР үкіметі бекіткен тізім бойынша қосылған құн салығын есепке алу әдісімен төлеудің сомасы 2 млрд. 458 млн. теңгені құраған. Бұл 2014 жылдың қаңтар-маусым айларына қарағанда 618 млн теңгеге көп.

Осындай өсімдер салықшылар тарапынан да байқалады. Әл Фараби ауданы бойынша салықты әкімшіліктендіру нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосымша анықталған резервтер есебінен 1 миллиард 23 миллион теңге өндірілген.

Қанат Төлендиев, Әл - Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:

Салық есептіліктерін, декларацияларды камералық бақылау, оның ішінде жалған кәсіпорындардың контрагенттерін өңдау жұмыстары нәтижесінде нақты қаражат есебінен 460 млн. теңге.

Шардарада 6 ай ішінде 36 млн. теңге қосымша қаржы көздері табылды. Сөйтіп, белгіленген жоспар артығымен орындалуда.

Асқар Ермекбаев,  Шардара  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:

Жергілікті бюджет 103 пайызға немесе 31,4 миллион теңгеге артық орындалды. Республикалық бюджет 103 пайызға немесе жоспар 5 млн теңгеге артық орындалды.

Мамандар мұнымен де шектеліп қалмақ емес. Енді жылдық жоспарды артығымен орындау ісіне белсене кірісіп кетті. 

 

Нұрмахан КЕНЖЕХАН 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...